Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Кеше Нұрлан Әбдіровтің төрағалығымен Орталық референдум комиссиясының республикалық референдумды қорытындылауға арналған отырысы өтті. Бейнеконференция режімінде өткен іс-шараға облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының аумақтық комиссияларының төрағалары мен мүшелері қатысты.
Отырысты ашқан Нұрлан Әбдіров «Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңның 21, 31-баптарында айқындалған өкілеттіктерге сәйкес Орталық комиссия тұтастай республика бойынша референдумның қорытындыларын шығарып, бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабар жариялайтынын мәлімдеді.
Өз кезегінде облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының аумақтық комиссиялары тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер бойынша референдумның қорытындыларын шығарды. Барлық аумақтық комиссия дауыс беру қорытындылары туралы хаттамалардың түпнұсқаларын Орталық референдум комиссиясына жеткізді. Осылайша, ұсынылған хаттамалардың негізінде бүкілхалықтық дауыс берудің қорытындылары айқындалды.
Референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың жалпы саны 12 482 613 адамды құрады. Дауыс беруге 9 127 192 азамат қатысып, бұл референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың жалпы санының 73,12 пайызын құрады. Олардың ішінде 12 ақпанда БАҚ-қа жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау туралы мәселенің оң шешімін жақтап дауыс берген азаматтардың саны 7 954 667 адамға жетіп, бұл дауыс беруге қатысқан азаматтардың жалпы санының 87,15 пайызын құрады. Сонымен қатар референдумға қойылған мәселені қабылдамаған азаматтардың саны 898 099 адам болды.
Жауаптардың екі нұсқасы да таңдалған, яғни жарамды деп танылған, бірақ дауыстарды санау кезінде есепке алынбайтын бюллетеньдер саны – 127 868. Ал белгіленбеген үлгідегі, сондай-ақ дауыс бергендердің ерік білдіруін айқындау мүмкін емес және жарамсыз деп танылған бюллетеньдердің саны 146 558-ді құрады.
Республикалық референдум туралы заңнаманың нормаларына сәйкес, егер референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың жартысынан көбi дауыс беруге қатысқан болса, референдум өткiзiлген деп саналады. Референдумға шығарылған мәселе, атап айтқанда, Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау бойынша шешім егер оны облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және елорданың кемінде үштен екісінде дауыс беруге қатысқан азаматтардың жартысынан астамы жақтап дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Нәтижесінде, барлық өңірде Ата заңның жаңа нұсқасын азаматтардың көпшілігі қолдады. Сондықтан жаңа Конституция қабылданды деп танылады.
Саяси үдерістің қорытындылары Орталық референдум комиссиясының отырысында шығарылып, хаттамамен ресiмделедi және қаулымен бекiтіледi. Республикалық референдум туралы заңнаманың нормаларына сәйкес, референдумның қорытындылары туралы Орталық референдум комиссиясының ресми хабары дауыс беру өткiзiлген күннен бастап жетi күн мерзiмнен кешiктiрiлмей бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
ОРК төрағасы халықаралық байқаушылардың бағалауына сүйеніп, референдум Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасына және халықаралық міндеттемелеріне сәйкес өткізілгенін атап өтті. Сонымен қатар байқаушылар жаңа Конституция жобасын ашық әрі кең талқылау, азаматтардың ұсынылған реформаларға деген жоғары қызығушылығы және ерік білдіру үдерісіне сенімін де ерекше атап өтті.
Дауыс беру күні референдум учаскелерінде 256 аккредиттелген қоғамдық бірлестік пен коммерциялық емес ұйымның 45 мыңнан аса, сондай-ақ еліміздің бұқаралық ақпарат құралдарының 1 817 өкілі байқау жүргізді. Сонымен қатар бұрын атап өткендей, референдум барысын халықаралық байқауды 38 шет мемлекетінен және 11 халықаралық ұйымнан 359 халықаралық байқаушы, сондай-ақ шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының 206 өкілі жүргізді.
Жалпы алғанда референдумда 46 624 мүгедектігі бар адам дауыс берді. Сонымен қатар 18 жасқа толып, алғаш рет дауыс берген азаматтардың белсенділігі жоғары болғаны аталып өтті. Олардың саны – 137 093 адам. Референдумды дайындау мен өткізуге 247 аумақтық және 10 388 учаскелік комиссиялары жұмылдырылды.
Отырысты қорытындылай келе, Н.Әбдіров барлық деңгейдегі 70 мыңнан аса комиссия мүшесі өздеріне жүктелген күрделі тапсырманы адал орындағанын атап өтті.
Бұған қоса, ОРК төрағасы халықаралық байқаушылар, аккредиттелген қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдар, отандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне электоралды науқанының жариялылығы мен ашықтығын қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.
Соңғы жаңалықтар
Қоғам • Бүгін, 08:40
Спорт • Бүгін, 08:35
«Атырау» футбол клубы да жекешеленеді
Футбол • Бүгін, 08:30
Таза су тапшылығы қашан жойылады?
Мәселе • Бүгін, 08:25
Наурызнама • Бүгін, 08:20
Қоғам • Бүгін, 08:15
Дәстүр • Бүгін, 08:10
Он сегіз мың бала асық ойынын дәріптеді
Дәстүр • Бүгін, 08:05
Тұлға • Бүгін, 08:00
Кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікке ілінген қызметкер ауруханада қайтыс болды
Оқиға • Бүгін, 00:50
Дональд Трамп: Иранға қарсы соғыста АҚШ-қа НАТО елдерінің көмегі қажет емес
Әлем • Бүгін, 00:37
Астана – Щучинск тасжолындағы жабық дәретхана үшін филиал директоры қызметінен босатылды
Оқиға • Бүгін, 00:23
Атырау облысындағы отбасы өлімі: Күдіктіге тағы бір айып тағылды
Оқиға • Кеше
Ақтөбе облысында жол апатынан жүргізуші мен төрт жолаушы қаза тапты
Оқиға • Кеше
Grand Slam турниріне қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі жарияланды
Спорт • Кеше