Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
АСТАНА, 25 наурыз – Sputnik. Ақтау гарнизонында Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - Бас штаб бастығы генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіров Әскери-теңіз күштерінің жауынгерлік, техникалық және жедел әзірлігін жан-жақты тексерді, деп хабарлайды қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Әсіресе кезекшілікті ұйымдастыруға, жауынгерлік дайындық пен бөлімшелердің тыныс-тіршілігіне баса назар аударылды. Министрдің бірінші орынбасары теңізшілердің қызметімен және тұрмыс жағдайымен танысып, олардың материалдық-техникалық құралдармен қамтамасыз етілу деңгейін зерделеді.
© Photo : ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіҚорғаныс министрінің бірінші орынбасары - Бас штаб бастығы генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіров Әскери-теңіз күштерінің жауынгерлік, техникалық және жедел әзірлігін жан-жақты тексерді
Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - Бас штаб бастығы генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіров Әскери-теңіз күштерінің жауынгерлік, техникалық және жедел әзірлігін жан-жақты тексерді
© Photo : ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Десанттық-шабуылдау әскерлеріне қарасты десанттық-шабуылдау бригадасына барған кезде генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіров жеке құрамға үлгілі қызметі мен әскери борышқа адалдығы үшін алғыс білдірді.
"Орал" зымыран-артиллериялық кемесінде генерал-лейтенант қару-жарақ жүйелерінің, навигация және радиотехникалық жабдықтардың дайындығын тексерді. Оқу-жаттығу жиыны барысында экипаждың атыс тапсырмаларын орындау кезіндегі іс-қимылы пысықталып, жеке құрамның үйлесімділігіне баға берді.
Сонымен қатар, Бас штаб бастығы "Қайсар" диверсияға қарсы катері мен арнайы бөлімшелердің Каспий теңізінің қазақстандық акваториясы мен порттық аймақтарын су асты және су үсті қатерлерінен қорғауға әзірлігін бақылады.
Ол Қазақстанның Әскери-теңіз күштері өңірлік тұрақтылықты сақтауда шешуші рөл атқаратынын, сондықтан оларды жаңғырту қорғаныс ведомствосының басым бағыттарының бірі болып қала беретінін атап өтті.
Инспекция қорытындысы бойынша Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіров жауынгерлік даярлықты жетілдіруге және бөлімшелердің үйлесімділігін нығайтуға бағытталған нақты тапсырмалар берді, деп хабарлады министрлік.