Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Газ желісі жетпеген елді мекендерге және қала аумағында қалып қойған аумақтарға көгілдір отын тарту үшін 3 млрд 500 млн теңге бағытталды.
Фото: Қызылорда қаласының әкімдігі– Шаһарға іргелес жатқан Сабалақ елді мекені газға қосылып, тұрғындар игілігін көре бастады. Ендігі меже – Қызылөзек ауылдық округіне, яғни оның құрамындағы үш ауылға газ құбырын тарту. Ол үшін 1 млрд 800 млн теңгеге жоба әзірленді. Қазіргі күні қажет қаражаттың бөлінуі үшін жұмыс атқарылып жатыр, - делінген хабарламада.
Алдағы уақытта қаланың жаңа бас жоспары бекітілмек. Оған қала жанындағы саяжайлар түгел енеді. Басты құжат негізінде Эдельвейс, Еңбек, Орбита секілді саяжайларға да газ желісі жүргізіледі.
Бұған дейін біз Қызылордада 2 млрд 659 млн теңгеге кент және ауылдық округтердің 29 көшесіне қайта жаңғырту, орташа жөндеу жұмысы жүргізілетінін жазғанбыз.