Бәсекелестікті қорғау агенттігі елдегі жанармай бағасын бақылауды күшейтеді

01.07.2026

Sputnik.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

АСТАНА, 1 шілде – Sputnik. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінде жанармай-жағармай материалдары нарығындағы қазіргі жағдайды талқылады, деп хабарлады ведомствода.

© Photo : Пресс-служба Агентства по защите конкуренции РКБәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінде жанармай-жағармай материалдары нарығындағы қазіргі жағдайды талқылады

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінде жанармай-жағармай материалдары нарығындағы қазіргі жағдайды талқылады

© Photo : Пресс-служба Агентства по защите конкуренции РК

Агенттік төрағасы Марат Омаров аймақтық департаменттерге мұнай жеткізушілерінің, мұнай өнімдерін көтерме сатушыларының, сондай-ақ автомобильдерге жанармай құю станциялары мен газ құю станцияларының бағаларын бақылауды күшейтуді тапсырды.

"Егер бәсекелестік туралы заңнаманы бұзу белгілері анықталса, департаменттерге тиісті монополияға қарсы шараларды қабылдау тапсырылды", - деп хабарлады агенттікте.

Сондай-ақ, агенттік бәсекелестік туралы заңнаманы бұзудың алдын алу бойынша іс-шаралар жоспарын әзірледі.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью