Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Астана қаласында өткен баскетболдан 18 жасқа дейінгі қыздар арасындағы Орталық Азия аймағының іріктеу турнирінде Қазақстан құрамасы топ жарып, Азия кубогіне жолдама жеңіп алды. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Фото: Туризм және спорт министрлігі
Жарыс Астанадағы Sana Sport спорт кешенінде ұйымдастырылды. Турнирге Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан ұлттық құрамалары қатысты. Қарсыластар арасындағы тартысты бәсеке жоғары деңгейде өтті.
Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 1-орынға ие болды. Екінші орын Өзбекстанға бұйырса, Қырғызстан командасы қола жүлдені иеленді.
Турнир жеңімпазы атанған Қазақстанның жас баскетболшылары 2026 жылдың қыркүйегінде Таиландта өтетін FIBA U18 Women’s Asia Cup жарысына қатысу мүмкіндігіне ие болды. Бұл – жас спортшылар үшін үлкен халықаралық алаңға жол ашатын маңызды жетістік.
Астанада өткен іріктеу турнирі әйелдер баскетболы үшін маңызды оқиға ретінде бағаланды. Жарыс FIBA талаптарына толық сәйкес жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Сондай-ақ матчтарға қызмет көрсету үшін Корея мен Моңғолиядан халықаралық дәрежедегі төрешілер шақырылды. Бұл жарыстың сапасын арттырып қана қоймай, отандық төрешілер мен мамандар үшін де тәжірибе алаңына айналды.
Айта кетейік, мұндай халықаралық турнирлерді Қазақстанда өткізу:
Жас спортшылардың шеберлігін арттыруға; Жаттықтырушылар мен төрешілердің тәжірибе жинауына; Елдегі әйелдер баскетболының дамуына; Қазақстанның халықаралық спорттағы беделін нығайтуға ықпал етеді.Сала министрлігі атап өткендей, елімізде осындай деңгейдегі жарыстардың өтуі спорт инфрақұрылымының дамығанын және халықаралық стандарттарға сай екенін көрсетеді.
Соңғы жаңалықтар
Бас прокуратура азаматтарды жалған ақпарат таратудан бас тартуға шақырды
Заң • Бүгін, 17:21
Мұнай бағасы барреліне 115 долларға жетті: Рекордтық өсім тіркелді
Экономика • Бүгін, 16:57
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсу қарқыны 3 есеге төмендеді
Қоғам • Бүгін, 16:40
Зейнетақы төлемдерінен 20% ұсталынатыны рас па?
Қоғам • Бүгін, 16:07
Атырау облысында жол апатынан екі бала көз жұмды
Оқиға • Бүгін, 15:58
Күнде қуатты жарқыл тіркелді: Жерге қалай әсер етуі мүмкін?
Әлем • Бүгін, 15:39
Әл-Фараби даңғылындағы оқиғадан кейін Алматыда жол қауіпсіздігі күшейтілді
Қоғам • Бүгін, 15:23
Балабақшаларды ваучерлік қаржыландыру 1 шілдеге дейін жалғасады
Білім • Бүгін, 15:07
Швед үстелі мен ұлттық тағамдар: Әскери қызметшілердің жаңа ас мәзірі қандай?
Әскер • Бүгін, 14:58
Елімізде жол апатынан болатын өлім-жітім 9,7%-ға азайды
Қоғам • Бүгін, 14:45
9 млн еуро шығын: Италиядағы музейден әйгілі суретшілердің туындылары ұрланды
Әлем • Бүгін, 14:18
Қазақстанда сәуір айының басында 32 градусқа дейін күн жылынады
Ауа райы • Бүгін, 13:56
Алматы қорығында аюлар қысқы ұйқыдан ерте оянды
Табиғат • Бүгін, 13:35
Мектептер мен колледждерде құқықтық мәдениет сабақтары басталды
Білім • Бүгін, 13:16
Елдегі су қоймаларының жағдайы қандай?
Аймақтар • Бүгін, 13:02