Баспана құрылысы: Президенттің сайлауалды бағдарламасы қалай орындалып жатыр

03.02.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

— Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасына сәйкес, жеті жыл ішінде елде 111 млн шаршы метр тұрғын үй салу міндеті жүктелді. Үшінші жыл қатарынан тұрғын үй құрылысы жоспарланған көрсеткіштен асыра орындалып жатыр. Қазіргі кезде Президенттің сайлауалды бағдарламасы 51,4 пайызға орындалды, — деді Бақытжан Жүнісбеков Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Осы орайда ол 2025 жылы жоспарланған 19,2 млн шаршы метрдің орнына ел бойынша 20,1 млн шаршы метр баспана пайдалануға берілгенін айтты.

Оның ішінде 13,7 млн шаршы метрі көппәтерлі үйлер және 6,4 млн шаршы метр жеке тұрғын үй санатында. Тұрғын үй құрылысына салынған инвестициялар 2024 жылмен салыстырғанда 5%-ға өсіп, 3,8 трлн теңгеге жетті.

Бұдан бұрын хабарланғандай, жаңа ереже бойынша 70 мың қазақстандық жалға берілген баспананы жекешелендіре алады.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью