Баспана салу бәсеңдеген жоқ

31.03.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Елде тұрғын үй құрылысы қарқынын жоғалтқан жоқ. Былтыр пайдалануға берілген баспана көлемі 20,1 млн шаршы метрге жетті. Бұл көрсеткіш құрылыс нарығының тұрақты дамып келе жатқанын аңғартады. Сарапшылардың пікірінше, жеке құрылыс компанияларының белсенділігі мен ірі қалалардағы жоғары сұраныс саланың негізгі тірегіне айналып отыр.

Инфографиканы жасаған – Зәуреш СМАҒҰЛ, «EQ»

Құрылыс саласының был­тыр­ғы жыл­дық өсімі 6%-ға жуық­тайды. Бұл өткен жыл­дарға қа­рағанда азырақ. Ranking.kz сарапшы­ларының пайымдауынша, ең бастысы оң үрдіс сақталды. Саланың дамуы мен тұрақтылығы азайған жоқ.

Тағы бір назар аударатын жайт, тұр­ғын үй құрылысы жеке бизнестің құзырында қалып отыр. Былтыр салынған үйлердің жалпы көлемінің 90%-ы жеке құрылыс компанияларына тиесілі. Ал мемлекеттің қатысу үлесінің деңгейі аз.

Сарапшылар былтырғы салынған тұрғын үй ғимараттарының жалпы көлемінің жартысына жуығы үш ірі мегаполиске тиесілі екенін айтты.

«Ең үлкен көрсеткішке келсек, 4,8 млн­ шаршы метр тұрғын үй салынған (жыл ішінде 8,5% өскен) Астана қаласы көш бастайды. Одан кейінгі орында дәс­түрлі түрде Алматы қаласы тұр. Құры­лыс­­шылар шаһарда 2,6 млн шаршы метр тұрғын үйді тапсырған. Үштікті 1,4 млн шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға берілген Шымкент қаласы қорытындылайды», дейді сарапшылар.

Облыстар арасында Түркістан, Алматы, Ақтөбе облыстары озық шық­қан. Әсіресе Алматы облысында көрсеткіш­тердің өсу қарқыны көбірек. Жалпы алғанда, елдің барлық өңірінде тұрғын үй құрылысы ұлғайды деуге болады.

Ақшалай мәнге келгенде, былтыр құры­лыс саласы тағы да рекордтық көр­сет­­кішке жетті.

«Сектор кәсіпорындары мен ұйым­дары орындаған құрылыс жұмысының көлемі 10,7 трлн теңгеден асып түсті. Бұрнағы жылы бұл 8,9 трлн теңге болған. Ақшалай көрсеткіш жыл ішінде 20%-дан астам өссе, нақты көлем 15,9%-ды құрады. Бірнеше жылдың деректерін қарастырар болсақ, 2020 жылға қарағанда екі есе өсім байқалады», дейді сарапшылар.

Жоғарыда айтқан 10,7 трлн теңге барлық атқарылған жұмыстың құны. Оларға тұрғын үй мен инфрақұрылым, сондай-ақ әртүрлі өнеркәсіптік және басқа да тұрғын үйге жатпайтын нысандар кіреді. Осы көлемнің ең үлкен үлесі – 22,2% немесе 2,4 трлн теңге өнеркәсіп құрылысына (бизнес пен әлеуметтік салаға арналған тұрғын үйге жатпайтын нысандар) тиесілі. Тұрғын үй құрылысының да айтарлықтай салмағы бар. Жалпы көлемдегі оның үлесі 12,4%-ды немесе 1,3 трлн теңгені құрайды. Көлемнің барлығын дерлік (99%) жеке құрылыс компаниялары қамтамасыз еткен. Ал қалған 1% шетелдік компанияларға тиесілі.

Саланың инвестициялық тартым­­ды­лығы да ұлғайып келеді. Өнеркәсіп және құрылыс министрілігінің мәліметін­­ше, құрылыс саласы ел экономикасын­да ерекше орын алады. Былтырғы жыл­дың орта шенінде оның үлесі ІЖӨ-нің 6%-ын құраған. Сарапшылардың айтуын­ша, мұндай ірі нарық көлемді инвестицияларды тартуға мүмкіндік береді.

«Былтыр қаңтар-желтоқсан айларында салаға салынған инвестиция көлемі кейінгі жылдардағы ең жоғары деңгей­ге жетіп, 2,9 трлн теңгені құрады. Бұл ақшалай мәнде бір жыл ішінде 22,8% арт­қанын көрсетеді. Сектордағы бар­лық инвестицияның жартысына жуығы – 1,6 трлн теңге тұрғын үй құрылысы немесе өнеркәсіптік нысандарға бағытталған. Тағы 1 трлн теңгеге жуық қаражат аза­маттық құрылысқа жұмсалды», дейді сарап­шылар.

Отандық тұрғын үй құрылысының нарығы күрделі кезеңдегі экономика­лық және қаржылық емес тәуекелдер­ге қарамастан тұрақты дамып келеді. Ranking.kz сарапшылары мұның бірнеше себебін атады.

«Ең алдымен нарықтағы тұрақты­лық­қа халықаралық сапа стандарттарын енгізіп, бәсекеге төтеп бере алған ірі компаниялар әсер етіп отыр. Соның нәтижесінде олардың іскерлік беделі нығайып, тұтынушылардың сені­мі де арта түсті. Елде тұрғын үйге сұра­ныс бұрынғыдай жоғары. Десек те жетіс­пеушілік әлі де сезіледі», дейді олар.

Айтуларынша, сұраныс бәрінен бұрын беделі тексерілген құрылыс ком­па­нияларының жобаларына шоғыр­ланады. Себебі түйткілді нысандардың көпжылдық тарихы нарықты сенімді ойыншылардың пайдасына өзгертті. Соның арқасында сектор тұрақтылығын сақтап тұр. Ал тұрғын үй сенімді инвес­тицияның бірі ретінде қабылдануын жалғастырып келеді.

«Экономиканы автоматтандыру мен цифрландырудың жалпы деңгейі де маңызды орынға ие. Жоғары технологиялар дәуірінде құры­лыс кластері тұтынушыға тиімді қаржы­лық өнімдерді қалыптастыру мақсатында қаржы секторымен тығыз жұмыс істейді. Сондай-ақ құрылыс материалдарын, заманауи тех­никаларды өндірушілермен, ЖИ және басқаларды қоса алғанда, өзіндік бағдарламалық қамтамасыз ету блоктарын жасай алатын білікті инже­нерлік-техникалық, ІТ-мамандарды даярлайтын ұйымдармен тығыз байланыста болады», дейді сарапшылар.

Бұған қоса биылдан бастап елде 2026–2027 жылдарға арналған құрылыс саласын цифрландырудың жоспары іске қосылды. Оған құрылыс саласындағы мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру үдерістері, міндетті BIM-жобалауды енгізу, нысандардың цифрлық төл­құжат­тарын құру т.б. кіреді. Қазір­дің өзінде ірі құрылыс компания­лары да, мемлекет­тік аппарат та бұл жаңа­шылдықтарды жұмыс үдерістеріне тұрақты негізде енгізіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар

Автоөнеркәсіп: құрастырудан толық өндіріске дейінгі жол

Өндіріс • Бүгін, 15:38

«The National Interest» журналында Президенттің жаңа Конституцияға қатысты мақаласы жарияланды

Ата заң • Бүгін, 15:36

«Бағанашыл» балалар үйінің бірнеше корпусы сүріліп жатыр: Алматы әкімдігі себебін түсіндірді

Алматы • Бүгін, 15:30

Атырауда масаларға қарсы күреске дрондар тартылады: Бюджеттен 200 млн теңге бөлінді

Экология • Бүгін, 15:22

Саясат Нұрбек: «Болашақ» түлектерінің үштен бірі АҚШ-қа виза ала алмай жүр

Білім • Бүгін, 15:02

Ұрлық, бопсалау, алаяқтық: Қарағанды облысында қылмыстық топ ұсталды

Қылмыс • Бүгін, 15:00

Денсаулық сақтау саласындағы серпін: Елімізде нәресте өлімі айтарлықтай төмендеді

Медицина • Бүгін, 14:48

Turkiye Open-2026: Таеквондодан Қазақстан әйелдер құрамасы бес медаль жеңіп алды

Спорт • Бүгін, 14:39

Таяу Шығыстан Қазақстанға: Студенттерден оқу ауыстыру бойынша 500-ден астам сұраныс түсті

Білім • Бүгін, 14:34

Францияда дизель бағасы соңғы 40 жылдағы ең жоғары көрсеткішке жетті

Әлем • Бүгін, 14:20

Жетісу облысында тағы да жер сілкінді

Оқиға • Бүгін, 14:02

Астанада жұмыс табу жеңілдейді: Мансап орталығы үш жерде ашылды

Елорда • Бүгін, 13:51

Елімізде қанша ғылыми зертхана жұмыс істеп тұр?

Ғылым • Бүгін, 13:42

Toyota Land Cruiser алып беремін: Алаяқ елордалық тұрғынның 20 млн теңгесін алып кеткен

Заң • Бүгін, 13:24

Пойыздардың қозғалысын реттеу үшін Starlink спутниктік жүйесі қолданылады

Технология • Бүгін, 13:10

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью