“Баспана үшін ақы төлеген, ал есікті үй иелері ашқан“. Қарағандыда сериялы алаяқ ұсталды

10.06.2026

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Қарағандыда ондаған адам үшін жалдамалы пәтер іздеу қаржылық шығынмен аяқталды. Мұнда пәтер жалдауға қатысты бірқатар алаяқтық жасады деген күдікпен 29 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды Tengri Home.

Поделиться

Қарағандыда ондаған адам үшін жалдамалы пәтер іздеу қаржылық шығынмен аяқталды. Мұнда пәтер жалдауға қатысты бірқатар алаяқтық жасады деген күдікпен 29 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды Tengri Home.

Тергеу нұсқасы бойынша, күдікті өзгенің баспанасын табыс көзіне айналдырған. Ол алдымен танымал жалдау сервистері арқылы пәтерлерді тәулігіне жалдап, кейін оларды интернетте өзінікі ретінде ұзақ мерзімге жалға беретіні туралы хабарландыру жариялаған. Пәтер бағасы тартымды, шарттары тиімді болған, ал "жалға берушінің" өзі сенімді адам ретінде көрінген.

Оның құрығына көбіне сырттан келгендер түскен. Қарағандыдан шұғыл баспана іздеген және пәтер құжаттарын тексеруге мүмкіндігі болмаған жандар мәмілеге бірден келіскен. Күдікті кездесу белгілеп, клиенттерді өзінің адалдығына сендіріп, ақшаларын алып отырған.

Мәселен, Қарағанды облысының 23 жастағы тұрғыны үшін пәтер іздеу келеңсіз жағдаймен аяқталды. Жас жігіт хабарландыру тауып, иесімен кездесіп, келісілген соманы берген. Алайда келесі күні пәтерге көшіп келмек болғанда, есікті үйдің нақты иесі ашқан. Әйел адам өз пәтерін біреулердің жалға беріп жібергенінен мүлдем бейхабар болып шыққан.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

NEWS Karaganda-Ulytau (@newskor.krg) жариялаған материал


Полицияның мәліметінше, Ақтөбе қаласының 32 жастағы тұрғыны да ақшасыз әрі баспанасыз қалған. Ол жалдау туралы алдын ала келісіп, ақша аударып, Қарағандыға жол тартқан. Бірақ келген соң уәде етілген баспананың жоқ екені анықталған. Ер адамға түнде қонатын жер іздеуге тура келген.

Жәбірленушілердің арызынан кейін полицейлер тексеру жұмыстарын бастады. Зардап шеккендер алаяқтың түр-тұлғасын егжей-тегжейлі сипаттап берді, ал ақша беру сәттерінің бірі бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Бұл кадрлар тергеу үшін басты айғақтардың біріне айналған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер күдіктінің кім екенін анықтап, оны ұстады. Қазіргі уақытта ол қамауда отыр.

Қарағанды облыстық полиция департаментінің мәліметінше, бүгінгі таңда оның алаяқтықтың кем дегенде он эпизодына қатысы бар екені дәлелденді. Әрбір жағдай бойынша келтірілген шығын көлемі 100 мың теңгеден басталады.

Тергеушілер зардап шеккендердің саны бұдан да көп болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Қазіргі уақытта ұсталған азаматтың басқа да осыған ұқсас қылмыстық схемаларға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

"Үйімді тез арада, арзанға сатамын“. Қазақстанда жалғызбасты зейнеткерлер қалай алданып қалады?

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

баспана пәтер алаяқтар Алаяқтық Полиция қылмыстық іс Қарағанды облысы

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью