Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Отбасы банк («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) «Ұмай» бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдау 2026 жылдың 31 тамызда басталатынын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бағдарлама аясында бастапқы жарна төмендетілген, басқа жылжымайтын мүліктің болуына шектеу қойылмайды. Тұрғын үйді Қазақстанның кез келген қаласынан сатып алуға болады және тіркелген мекенжайға қойылатын талап жоқ.
«Әйел баспананың иесі атанғанда, оның дүниеге деген көзқарасы өзгереді. Ол өзінің және балаларының болашағына сеніммен қарай бастайды», – деді Отбасы банк басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова. – «Бағдарламаның нақты нәтижесі бар екенін көріп отырмыз. Алғашқы үш жылда осы бағдарлама арқылы 3 600-ден астам қазақстандық әйел қоныс тойын атап өтті». «Ұмай» бағдарламасы бойынша несие беруге қажетті қаражатты Азия даму банкі ұсынады. Қаржыландыру кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Отбасы банкке 9 млрд теңге көлеміндегі алғашқы транш қазірдің өзінде аударылды.
Өтінімді қалай беруге болады?
Несие алуға өтінімді қашықтан беру ыңғайлы. Ол үшін Отбасы банктің сайтындағы «Бейнеқызмет көрсету» сервисін немесе банктің тұрғын үй маркетплейсі Baspana Market-тегі (otbasybank.kz) жеке кабинетті пайдалануға болады. Оператор кеңес беріп, сұрақтарға жауап береді және өтінімді онлайн қабылдайды. Өтінімді онлайн берген кезде электрондық құжаттардың болуы жеткілікті. Қажет болған жағдайда өтінімді банк бөлімшесіне барып та беруге болады. Төлем қабілеттілігін растау үшін соңғы 6 айдағы ресми табыс қажет. Бағдарлама талаптарына сәйкес, отбасының орташа айлық таза табысы 1 250 000 теңгеден аспауы тиіс.
Бағдарлама шарты
* Несие бойынша сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 14,8% (ЖТСМ – 16,3%-дан 16,8%-ға дейін). *
Несиенің ең жоғары сомасы – 50 млн теңге.
Бастапқы жарна қалай есептеледі?
Қарыз алушы бастапқы жарнаны өз қаражаты есебінен сатушыға өзі аударуы қажет. Егер тұрғын үй Астана немесе Алматы қалаларында сатып алынса, бастапқы жарна кемінде 20%, ал басқа қалаларда кемінде 15% болады. Қалған соманы Отбасы банк несиеге береді. Бұл ретте несие сомасы тұрғын үйдің сатып алу бағасы мен бағалау құнының қайсысы төмен болса, сол сома негізінде есептеледі. Мысалы, Алматы қаласындағы пәтердің сату бағасы 32 млн теңге, ал бағалаушы оның құнын 30 млн теңге деп анықтады делік. Бұл жағдайда несие сомасы 30 млн теңге негізінде есептеледі. Банк осы соманың 80%-ын, яғни 24 млн теңгені несиеге береді. Қалған 20% – 6 млн теңгені қарыз алушы бастапқы жарна ретінде өз қаражаты есебінен сатушыға өзі аударуы қажет.
Қандай тұрғын үй сатып алуға болады?
Бағдарлама тұрғын үйдің кең таңдауын қамтиды: * пайдалануға берілген бастапқы тұрғын үй; * құрылысы жүріп жатқан тұрғын үй – Қазақстандық тұрғын үй компаниясының кепілдігімен немесе сақтандыру құралын пайдалану арқылы; * 2016 жылдан ерте емес жылы салынған қайталама тұрғын үй. Бастапқы тұрғын үйді тек банктің Baspana Market тұрғын үй маркетплейсінен (otbasybank.kz) таңдап, сатып алуға болады. Сатып алынған тұрғын үй әйелдің атына рәсімделеді. Егер ол некеде болса, жылжымайтын мүлік ерлі-зайыптылардың ортақ меншігі ретінде рәсімделеді. Бағдарлама бойынша қоса қарыз алушыларды тартуға да болады.
«Ұмай» бағдарламасы бойынша жөндеуге берілетін қарыз
«Ұмай» бағдарламасы аясында қарыз алушы өзі тұрып жатқан тұрғын үйді жөндеуге жеке қарыз ала алады. Жөндеуге берілетін қарыздың ең жоғары сомасы – 15 млн теңге. Депозиттегі жинақ төменірек мөлшерлемеге тезірек өтуге мүмкіндік береді «Ұмай» бағдарламасы бойынша банк алдын ала қарыз береді. Яғни салымшы тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің барлық талаптарын әлі орындамаған болса да, қарыз ала алады. Ол үшін депозиттің мерзімі кемінде 3 жыл, жинақ көлемі 50%, ал бағалау көрсеткіші 16 болуы қажет. Алдын ала қарыз бойынша төлем екі бөліктен тұрады: оның бір бөлігі есептелген сыйақыны өтеуге, ал екінші бөлігі депозитті толықтыруға бағытталады. Бұл – тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің міндетті шарты. Алдын ала қарыз депозитте қарыз сомасының 50%-ы жинақталғанға дейін қолданылады. Жинақ жинақталған кезеңде депозитке банктің 2% сыйақысы есептеледі. Сонымен қатар қолданыстағы заңнамаға сәйкес, 200 АЕК-тен аспайтын сомаға 20% мөлшерінде мемлекеттік сыйлықақы есептеледі. Егер қарыз алушының депозитінде бұрыннан жинақталған қаражаты болса, қажетті 50% жинақ әлдеқайда тез жиналады. Бұл тұрғын үй қарызына ертерек өтуге мүмкіндік береді. Оның мөлшерлемесі жылдық 5%-ға дейін (ЖТСМ – 5,1%-дан 6,9%-ға дейін) төмендейді. Нәтижесінде қарыз алушының ай сайынғы төлемі мен қарыз бойынша жалпы артық төлемі азаяды.
Ай сайынғы төлемдердің шамамен мөлшері қандай болады?
Отбасы банкіндегі депозитте жинақсыз № 1 нұсқа
Тұрғын үй құны 30 000 000 теңге
30 000 000 теңге
Қарыз сомасы (80%) 24 000 000 теңге
24 000 000 теңге
Бастапқы жарна сатушыға 6 000 000 теңге аударылады
6 000 000 теңге
Отбасы банкіндегі депозиттегі жинақтар 0 теңге
0 теңге
Қарыз бойынша мөлшерлеме жылдық 14,8%
14,8% жылдық
Алдын ала қарыз бойынша ай сайынғы төлем алғашқы 10 жыл 387 200 теңге
387 200 теңге
10 жыл өткеннен кейін қарыз алушы тұрғын үй заемына ауысады – ай сайынғы төлемнің мөлшерлемесі мен мөлшері азаяды (Отбасы банкіне салым көрсеткіштеріне қарай Жеке)
Отбасы банкіндегі депозитке жинақталған № 2 нұсқа
Тұрғын үй құны 30 000 000 теңге
30 000 000 теңге
Қарыз сомасы (80%) 24 000 000 теңге
24 000 000 теңге
Бастапқы жарна сатушыға 6 000 000 теңге аударылады
6 000 000 теңге
Отбасы банкіндегі депозитке қосымша 2 400 000 теңге жинақ
2 400 000 теңге
Қарыз бойынша мөлшерлеме жылдық 14,8%
14,8% жылдық
Ай сайынғы төлем алғашқы 10 жылда 365 600 теңге (жинақтары бар төлем 21 600 теңгеге төмен)
365 600 теңге (жинақтары бар төлем 21 600 теңгеге төмен)
10 жыл өткеннен кейін қарыз алушы тұрғын үй заемына ауысады – ай сайынғы төлемнің мөлшерлемесі мен мөлшері азаяды (Отбасы банкіне салым көрсеткіштеріне қарай Жеке)
Клиент ТҚЖ-ға неғұрлым көп үлес қосса, ай сайынғы төлем мөлшері соғұрлым аз болады.
Отбасы банкі Азия даму банкімен бірлесіп алғаш рет 2021 жылы "Ұмай" бағдарламасын іске қосты. Оны жүзеге асыруға АДБ 38 млрд теңге бөлді. Үш жыл ішінде бағдарлама 3 661 қазақстандық әйелге өз баспанасын сатып алуға көмектесті.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.