Басқа басылымдардан: Парламент бір палаталы жүйеге ауысады

17.03.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Орталық Азия­дағы ең ірі мемле­кет саналатын Қазақ­станда азаматтар жаңа Конституция жобасын қолдау немесе қабылдамау мәселесі бойынша дауыс берді.

Ұсынылған түзетулер Парламенттің қазіргі екі құрылымын бір палаталы жүйеге біріктіруді көздейді. Сонымен қатар Президентке парламенттің келісімімен бірқатар маңызды мемлекеттік қызметке лауазымды тұлғаларды тағайындау құқығы беріледі.

Парламентпен қатар Қазақстан Халық кеңесі атты жаңа орган құрылады. Бұл құрылым заң жобаларын ұсыну және референдум бастамасын көтеру құқығына ие болады. Оның мүшелерін толықтай Президент тағайындайды.

Жобада неке ұғымы «екі адамның одағы» емес, «ер мен әйелдің одағы» ретінде анықталатыны да көрсетілген. Сарап­шылардың пікірінше, бұл норма билік органдары «ЛГБТ қатынастарының насихаты» деп санайтын әрекеттерге тыйым салатын заңның жалғасы ретінде енгізілген.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев конституция­лық өзге­рістерді қазіргі күрделі геосаяси жағдаймен түсін­дір­ді. Оның айтуынша, тұрақсыз халықаралық жағдайда мем­лекетке жылдам әрі тиімді шешім қабылдау тетіктері қажет.

Жаңа Конституция қолдау тапты

Жексенбіде өткен референдумда Қазақстан азаматтары жаңа Конс­титу­­ция­ны қолдады. Exit poll нәтижелеріне сәйкес, дауыс бергендердің шамамен 87%-ы жаңа Консти­ту­цияны қолдаған. Бұған дейін Орталық референдум комиссиясы дауыс берушілердің қатысуы 73% болғанын мәлімдеді.

Жаңа Конституция ел парламентінің құрылымын ықшамдайды және 1996 жылы жойылған Вице-президент қызметін қайта енгізеді. Ескі және жаңа Конституцияда Президент бір ғана жеті жылдық мерзімге сайлана алады. Бұл шектеу 2022 жылы енгізілген.

Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада дауыс бергеннен кейін журналистердің биліктің ауысуына қатысты сұрағына жауап берді. Оның айтуынша, келесі президенттік сайлау 2029 жылы, өзінің қазіргі өкілеттік мерзімі аяқталған кезде өтеді.

Маңызды конституциялық өзгерістер мақұлданды

Қазақстанда өт­­кен референ­думда азаматтар жаңа Конституцияны қолдады. Бұл референдум елдің тәуелсіздік жылдарындағы бесінші жалпыхалықтық дауыс беруі саналады.

Дауыс беру үшін ел ішінде және шетелде барлығы 10 401 референдум учаскесі жұмыс істеді. Оның ішінде 71 учаске Қазақстанның 54 елдегі дипломатиялық өкілдіктерінде ашылды. Жаңа Конституция 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді. Осыдан кейін елде жаңа Парламент сайлауын өткізу жоспарланып отыр, ол тамыз айының аяғына дейін ұйымдастырылуы мүмкін.

Референдумда азаматтарға бір ғана сұрақ ұсынылды: «Сіз Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?». Дауыс берушілер бұл сұраққа «қолдаймын» немесе «қарсымын» деп жауап беру арқылы өз таңдауын білдірді. Егер азамат екі нұсқаны қатар белгілесе, бюллетень жарамды болып саналғанымен, дауыс санау кезінде есепке алынбайды. Ал еш белгі қойылмаған немесе дауыс берушінің еркін анықтау мүмкін емес бюллетеньдер жарамсыз деп танылды. Референдум дауыс берушілер тізіміне енгізілген азаматтардың жартысынан астамы дауыс берген жағдайда өтті деп есептеледі. 

Соңғы жаңалықтар

Жанкүйерлер Ербол Хамитовты әуежайда салтанатты түрде қарсы алды

Спорт • Бүгін, 09:31

«Жасыл» энергия – жаһан үдерісі

Энергетика • Бүгін, 09:00

Баспана бәсекесі: бақ шаба ма, бап шаба ма?

Ипотека • Бүгін, 08:55

Ұлыс пен ырыстың негізі

Наурызнама • Бүгін, 08:50

ОРК: Жаңа Конституцияны қолдағандар – 87,15 пайыз

Референдум • Бүгін, 08:48

Қарлығаш – құт-береке рәмізі

Наурызнама • Бүгін, 08:45

Кемел әулетінің кемеңгері

Қоғам • Бүгін, 08:40

Тарихи кезеңмен тұспа-тұс келген Наурыз

Мереке • Бүгін, 08:38

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:35

Тасқынның алдын алу шаралары күшейтілді

Аймақтар • Бүгін, 08:33

Ақтүтек боран әбігерге салды

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Басқа басылымдардан: Парламент бір палаталы жүйеге ауысады

Басылым • Бүгін, 08:27

Заманауи медициналық нысандар

Аймақтар • Бүгін, 08:25

«Amanat» партиясының үндеуі

Партия • Бүгін, 08:22

Брайль қарпіндегі Ата заң

Ата заң • Бүгін, 08:20

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью