Басқа басылымдардан: Қаза тапқандар саны артып барады

03.03.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Қызыл Жарты ай қоғамының Ирандағы өкілдігі АҚШ пен Израильдің сенбі күннен бергі 130-дан аса қалаға жасаған шабуылдары салдарынан 555 адамның қаза тапқанын мәлімдеді.

Соның ішінде Иранның Жоғарғы көшбасшысы аятолла Әли Хаменеи және жоғары лауазымды әскери басшылар, соның ішінде Ислам революциясы сақшылар корпусының жетекшісі қаза тапты.

 

Тегеран дипломатияға әрдайым ашық болды

Иранның Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи жексенбі күні АҚШ пен Израильдің Иранға жасаған бірлескен соққыларынан кейін Тегеран әрдайым дипломатияға ашық болғанын айтты.

«Иран әрдайым дипломатияға ашық болған. Бұл америкалықтармен келіссөз жүргізіп отырғанымыздың екінші қадамы еді және олар келіссөздің дәл ортасында бізге шабуыл жасауды жөн көрді», деді ол.

 

АҚШ әскери ұшақтары жерге құлады

Америка Құрама Штаттары Қарулы күштерінің хабарлауынша, Кувейттің әуе қорғаныс жүйелері Иранға қатысты операцияларға қатысып жатқан үш F-15 америкалық жойғыш ұшақты қателесіп атып түсірді.

Ресми ақпаратта экипаждың алты мүшесінің барлығы сәтті катапульт жасап, жерге қауіпсіз қонғаны және олардың жағдайы жақсы екені айтылған.

Ірі мұнай өңдеу зауыты жұмысын тоқтатты

Иран Парсы шығанағы жаға­лауындағы Сауд Арабиясындағы Ras Tanura мұнай өңдеу зауытына – Таяу Шығыстағы ең ірі кәсіпорындардың біріне шабуыл жасады. Мұнай өңдеу зауыты жұмысын тоқтатты. Елдің Қорғаныс министрлігі зауыттағы өрт атып түсірілген екі ұшқышсыз ұшу аппараты сынықтарының құлауынан шыққанын хабарлады.

АҚШ-тың Бахрейндегі елшілігі өз азаматтарына Манамадағы қонақүйлер шабуыл нысанасына айналуы мүмкін екенін ескертіп, ол жерлерден аулақ жүруге шақырды. Ескертуде терактілердің кенеттен болуы мүмкін екені айтылған.

«Қара алтын» қымбаттап, акциялар арзандады

Таяу Шығыстағы тұ­рақсыздыққа байланысты мұнай бағасы күрт өсіп, акциялар арзандады.

Дүйсенбі күні мұнай бағасы өсті, ал қор нарықтары қысымға ұшырады, себебі Таяу Шығыстағы қақтығыс бірнеше аптаға созылуы мүмкін деген қауіп бар. Бұл жаһандық экономикалық қалпына келуге нұқсан келтіріп, инфляцияны қайта өршітуі ықтимал.

Brent маркалы мұнай бағасы сауда-саттықтың басында 13 пайызға қымбаттап, барреліне 82 долларға жетті. Бұл – кейінгі 14 айдағы ең жоғары көрсеткіш. Біріккен Араб Әмірліктері мен Кувейт төңіректегі жағдайға байланысты қор нарықтарын уақытша жапты.

 

Қытай шабуылдарды қатаң айыптады

Қытай Иранның Жоғарғы көшбасшысына жасалған шабуылға және оның қазасына батыл түрде қарсы шығып, оны қатаң айыптады. Бұл туралы жексенбі күні Қытай Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі журналистер алдында мәлімдеді.

Қытай дипломаты Иранның Жоғарғы көшбасшысына жасалған шабуыл мен оның өлтірілуі Иранның егемендігі мен қауіпсіздігін өрескел бұзу екенін атап өтті. Ол бұл әре­кет БҰҰ Жарғысының мақсаттары мен қағидаттарына, сон­дай-ақ халықаралық қатынастардың негізгі нормаларына қайшы екенін айтты. 

Соңғы жаңалықтар

Трамп: Иранға қарсы соққылардың «үлкен толқыны» әлі алда

Саясат • Бүгін, 09:45

Коалиция мүшелері Атырау облысының студенттерімен жаңа Конституция жобасын талқылады

Референдум • Бүгін, 09:38

Ақтөбеде газ құю стансасында жарылыс болды

Оқиға • Бүгін, 09:25

Валюта бағамы: Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?

Қаржы • Бүгін, 09:15

Спортшыларымыздың айқын жеңісі

Спорт • Бүгін, 09:10

Ұлан Бекіш Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары болып тағайындалды

Тағайындау • Бүгін, 09:07

Ата заң жастардың әлеуетін арттырады

Саясат • Бүгін, 09:05

Таяу Шығыстағы дүрбелең: ақиқаттың ауыр жолы

Әлем • Бүгін, 09:00

Шекара дауы шиеленісті

Әлем • Бүгін, 08:55

Аида Балаева: Президент – жаңа Конституцияның негізгі авторы

Саясат • Бүгін, 08:50

Азаматтар құқы мен бостандығы – басты орында

Саясат • Бүгін, 08:45

Азия даму банкі ауқымды жобаларды қаржыландыруға мүдделі

Саясат • Бүгін, 08:40

Зардап шеккендерге – жан-жақты жәрдем

Қоғам • Бүгін, 08:35

Тобылдағы қоныстой

Аймақтар • Бүгін, 08:33

Өрт қаупін азайтқан жүйе

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью