Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Қызылорда қаласында өткен Ұлттық құрылтайдың кезекті отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы негізгі нәтижелерге тоқталып, алдағы кезеңге арналған стратегиялық басымдықтарды айқындады.
Жиында экономикалық өсім көрсеткіштерімен қатар, заң шығару үдерісіндегі Құрылтайдың рөлі, мәдениет пен руханиятты жаңғырту, жастарды қолдау, ғылым мен цифрландыруды дамыту, сондай-ақ парламенттік реформаның негізгі бағыттары кеңінен қамтылды.
Президент алдағы парламенттік реформаның ауқымды саяси жаңғырудың өзегіне айналатынын жеткізді.
Осыған байланысты Конституцияға енгізілетін өзгерістер мемлекеттік механизмді жетілдіруге, билік тармақтарының өзара іс-қимылын нақтылауға, басқару шешімдерінің ашықтығы мен жауапкершілігін арттыруға арналғаны айтылды.
Осы орайда, бір палаталы Парламентке көшу қажеттігі негізделді.
Бұл қадам заң шығару үдерісін жеделдетіп, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттырады.
Қоғамның қарқынды дамуы мен цифрландыру жағдайында мемлекет заңнамалық тұрғыда өзгерістерге дер кезінде жауап беруі қажет.