Бастауыш партия ұйымдары жандана түсті

10.09.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Соның ішінде Атырау қаласы мен Исатай және Жылыой аудандарындағы «Үркер», «Алмалы ауылдық клубы», «Забурын», «Қара Арна» және «Денсаулық» бастауыш партия ұйымдарының мүшелерімен басқосу ұйымдастырылды.

Жиындарда бастауыш партия ұйым­дарының қызметін жүйелі ұйым­дастыру, мүшелердің белсенділігін арттыру, жаңа бастамаларды қолдау және партиялық жобаларды жергілік­ті деңгейде тиімді жүзеге асыру мә­селелері талқыланды.

Қатысушылар ұсынысын ортаға салып, алдағы жұмыс бағыттары бойынша пікір алмасты. Сондай-ақ бастауыш ұйымдардың партия мен қоғам арасындағы байланысты нығайтып, тұрғындардың үнін жет­кізудегі маңызды рөлі аталып өтті. Алдағы уақытта бастауыш ұйымдар жұмысы жаңа серпінмен жалғасып, партия қатары жаңа мүшелермен толыға түспек. 

Бекбол АМАНГЕЛДІ

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью