Басты мақсат азаматтық қоғамның дамуы

14.02.2026

Aikyn.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Жиын барысында қатысу­шылар Қазақстан Респуб­ли­касының Конституциясының жаңа редакциясының жобасын талқылап, өз ұсыныс-пікірлерін білдірді. Конституциялық өз­герістер елдің саяси жүйесін жаң­ғыртуға, мемлекеттік бас­қаруды жетілдіруге және аза­мат­тардың құқықтары мен бостандықтарын нығайтуға бағытталған маңызды бастама екені атап өтілді.

Сондай-ақ «AMANAT» пар­тиясының 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасының Махамбет ауданы бойынша орын­далу барысы қаралды. Аудан әкімі Қайрат Нұрлыбаев ат­қарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы баян­дап, ауданның әлеуметтік-эко­номикалық дамуы, инфрақұры­лымды жақсарту, жұмыспен қам­ту және халықтың тұрмыс сапасын арттыру бағытындағы не­гізгі мәселелерге тоқталды.

Ауданда Жол картасы ая­сын­да жоспарланған 36 іс-шара­­ның 35-і орындалған. Бұл – сайлауалды кезеңде пар­тия­ның халыққа берген уәде­лерінің басым бөлігі нақты іске асқанын көрсетеді. Жалпы, Жол картасының орындалуы өңір тұрғындарының әл-ауқа­тын арттыруға және тұрмыс са­па­сын жақсартуға бағыт­талған.

– Қазір партияның 13 жоба­сы бар. Соның ішінде «Ауыл аманаты» мен «Жер аманаты» жобалары ауыл халқының әл-ауқатын арттыруға арналған. Аудандағы өзекті мәселелердің негізгі бөлігі осы партиялық жоба­лар аясында қамтылған. Сондықтан құзырлы мемле­кет­тік органдар партиямен бірле­сіп, жүйелі әрі тиімді жұмыс жүр­гізген жағдайда бұл міндет­тер кезең-кезеңімен шешімін табады деп сенемін, – деді Бейбіт Темірбекұлы. 

Сонымен қатар облыстық филиал төрағасы ауданда «Жер аманаты» жобасы арқылы иге­ріл­мей жатқан жерлерді ел игілі­гіне қайтарып, ал «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясын­да сол жерлерді тиімді пайдалану арқылы егін шаруашылығын жаңа деңгейге көтеруге және өңірдің әлеуметтік-эконо­ми­калық әлеуетін арттыруға мүм­кіндік мол екендігін айтты.

Аталған жұмыстардың бар­лығы «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрі­бектің Атырау облысына жұмыс сапары барысында бер­ген нақты тапсырмаларының аясында жүзеге асырылуда. Ал­да­ғы уақытта махамбеттік тұр­ғын­дардың өзекті мәселелерін тыңдау мақсатында көшпелі қоғамдық қабылдау өткізу жоспар­лануда.

Фракция отырысы аудан­дағы  маңызды мәселелерді жүйе­лі түрде талқылауға және алдағы жұмыстардың нақты бағытын айқындауға мүмкіндік берді. Сайлауалды бағдарлама мен партиялық жобалардың нә­тижелі жүзеге асуы партия фи­ли­алының бақылауында бол­мақ.

Елнар ЕЛТАЙ

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью