Басты рөлді сомдайсың : балаларды алдаған киностудия директоры қамауға алынды

23.05.2026

Sputnik.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

АСТАНА, 23 мамыр – Sputnik. Алматыда атышулы JAN Production киностудиясының директоры екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан КТК арнасына сілтеме жасап.

Директор жүздеген ата-ананы алдап, аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін айыпталып отыр. Себебі киностудияда кастингтен кейін барлық балаға "басты рөлді сомдайсың" деген уәде берілген.

Ұл-қызын жұлдыз қылғысы келген ата-аналар келісімшартқа отырып, әрқайсысы бір жарым миллион теңгеден төлеген. Алайда елге танымал актерлермен ешкімді киноға түсірмепті, балаларды қызыл кілеммен де жүргізген жоқ.

Қалалық полиция департаменті қылмыстық істің қозғалғанын хабарлады.

"Қылмыстық іс тергеліп жатыр. Бұл іске қатысы бар күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде қамау тағайындалып отыр. Қазір ол тергеу изоляторында. Тергеу жалғасып жатыр", - дейді департаменттің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Ал сан соғып қалған ата-аналар киностудияның жарнамасына түскен танымал актерлерді де қылмыстық жауапқа тартуды талап етіп отыр.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью