Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Әнші Әділет Жауғашар желіде үлкен дау тудырған әніне қатысты тыңдармандарынан кешірім сұрады, – деп жазды Aikyn.kz.
Желі қолданушылары оның әніндегі “Сұлудың жоқ дегені – иә” деген сөзді сынға алған болатын. Мұны зорлық-зомбылықты қолдау деп түсінген. Осыған байланысты әнші кешірім сұрауға мәжбүр болды.
Оның айтуынша, ән мәтіні жазушы Әзілхан Нұршайықовтың сөзіне сүйеніп жазылған.
"Бұл әннің көптің көңіліне тиетінін ойламадық. Өзім де зорлық-зомбылыққа қарсымын. Оның үстіне әкеммен емес, анамның тәрбиесінде өстім. Егер бұл ән сіздердің көңілдеріңізден шықпаса, енді оны орындамаймын. Баршаңыздан кешірім сұраймын. Сұлудың “жоқ” дегені – жоқ", – деді әнші.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.