Arasha.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Танымал журналист Руслан Өтепбай әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа жобасы туралы мәлімдеме жасап, алдағы жоспарларын бөлісті, деп хабарлайды Arasha.kz.
Журналист осы уақытқа дейін ел ішіндегі өзекті әлеуметтік мәселелерді көтеріп, қарапайым халықтың мүддесін қорғау жолында аянбай еңбек еткенін атап өтті.
"Ағайын, осы уақытқа дейін бар жанымды салып, басымды бәйгеге тігіп, от пен су кешіп, титтей болса да қазаққа пайдам тисін деп ел араладым. Қарашаның құқығын қорғау жолында өз қаражатыммен жұмыс істедім. Енді журналистикадағы жолымда жаңа кезең басталғалы тұр. Принципім де, миссиям да өзгермейді. Алда командаммен авторлық жобада әлеуметтік мәселелерді телеарна деңгейінде көтереміз. Бізге сәттілік тілеп, әр сенбі-жексенбі күндері "Анықтаймыз Руслан Өтепбаймен" бағдарламасын көріп, қолдау білдірсеңіздер болғаны!" – деп жазды Руслан Өтепбай.