Басымды қабырғаға соғып, кереуетке ұрды : Алматыдағы студент қыздардың төбелесіне қатысты іс қозғалды

25.05.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Фото: Ашық дереккөз

Жәбірленушінің жазуынша, оған бірнеше адам күш қолданған.

«Мені қылғындырып, басымды қабырғаға соғып, темір кереуетке ұрды. Шашымнан сүйреп, сыртқа шығуға мүмкіндік бермеді. Жанымдағы адамдар жай қарап тұрды. Кейбірі видеоға түсіріп, есікті жауып тұрды», деп жазды ол әлеуметтік желіде.

Оқиғадан кейін қыз жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер оған жабық бас-ми жарақаты, гематомалар және қан кету диагнозын қойған. Іс бойынша сот шешімі шығып, қатысушылардың бірі кінәлі деп танылып, қоғамдық жұмыстарға тартылған.

Қарағандыдағы жатақханада 21 жастағы шетелдік студент көз жұмды

Алматы қаласының прокуратурасы оқиғаны «жанжалдың төбелеске ұласуы» деп сипаттап, екі тарапқа қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді.

«Бір материал бойынша сот шешімі шығып, Абай облысының тумасы кінәлі деп танылып, қоғамдық жұмыстарға тартылды. Екінші материал бойынша Атырау облысынан келген студентке қатысты тергеу жалғасуда», делінген прокуратура хабарламасында.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қызылорда медицина колледжінің 1-курс студентін жатақханада ұрып өлтіргенін жазған едік.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью