Басына бетон құлады Оңтүстік Кореяда құрылыс алаңында қазақстандық көз жұмды

01.10.2026

Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

АСТАНА, 1 қазан – Sputnik. Оңтүстік Кореяның астанасында құрылыста жұмыс істеген қазақстандық қаза тапты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Осы елдің бұқаралық ақпарат құралдарында тараған мәліметке сәйкес, қайғылы оқиға Сочо ауданында таңғы сағат 9:45-тің маңайында болған. 30 жастағы ер адам құрылыс нысанының 23-ші қабатында тазалау жұмыстарын күтіп тұрған. Сол кезде оның үстіне бетон төбенің бір бөлігі құлаған. Қазақстан азаматы оқиға орнында көз жұмды.

Кореяның еңбек министрлігі құрылыс жұмыстарын тоқтатты. Тергеу шаралары басталды. Оқиғаның себебі анықталады.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі де Сеулдегі құрылыс алаңында болған жазатайым оқиғаны растады.

"Бұл оқиғаға байланысты Корея Республикасының тиісті органдары тергеу жұмыстарын бастады. Қазақстандық дипломаттар марқұмның туыстарымен байланыс орнатып, оларға қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетуіп жатыр", - дейді министрліктің ресми өкілі Жанболат Үсенов.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью