Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Германияда өлтірілген қазақстандық бұрынғы судья Айгүл Сайлыбаеваның туыстары журналистерге қылмысқа қатысты жантүршігерлік мәліметтерді айтып берді. Марқұмның көмекейін тіліп, саусақтарын кесіп тастаған, сондай-ақ басын денесінен ажыратпақ болып, үстіне қышқыл құйған. Толығырақ Tengrinews.kz материалында.
Германияда өлтірілген қазақстандық бұрынғы судья Айгүл Сайлыбаеваның туыстары журналистерге қылмысқа қатысты жантүршігерлік мәліметтерді айтып берді. Марқұмның көмекейін тіліп, саусақтарын кесіп тастаған, сондай-ақ басын денесінен ажыратпақ болып, үстіне қышқыл құйған. Толығырақ Tengrinews.kz материалында.
"Оны малша бауыздап өлтірген"Марқұмның анасы Шолпан Батқалова "Осторожно: Собчак" YouTube-арнасына берген сұхбатында күдікті қызы Айгүл Сайлыбаеваның денесін бөлшектемек болғанын айтты.
Оның сөзінше, Айгүлдің басына қышқыл құйған, салдарынан шашы мен көзі күйіп кеткен.
Марқұмның бет-әлпетін тану мүмкін болмаған – барлық жұмсақ тіндері тілгіленген.
"Оны малша бауыздап өлтірген. Денесін бөлшектегісі келген болуы керек. Басын кесіп алмақ болған ба, көмекейін тіліп тастапты. Оған қарау мүмкін емес. Басына қышқыл немесе химиялық зат құйылған, өйткені басында шаш жоқ, көзі де жоқ", – деді Батқалова.
"Осторожно: Собчак" YouTube-арнасының видеосынан кадр
Анасының айтуынша, әйелдің мойнына инъекция егілген. Қорғаушы тарап бұл формалин болуы мүмкін деп болжайды.
"Саусақ буындары тілінген, сарапшылар оның белсенді қарсылық көрсетіп, пышақ жүзін ұстауға тырысқанын айтады. Барлық саусағы, буындары тілінген. Денесінің әр жеріне, бетіне, бас бөлігіне 30-дан астам пышақ жарақаты салынған. Тіпті басын, буындарын тілгілеген", – деді Шолпан Батқалова.
Айгүл Сайлыбаеваның денесінен барлығы 30-дан астам пышақ жарақаты анықталған. Әйелді тек мұрнындағы меңі арқылы ғана тани алған.
"Бір мезгілде басынан ұрып, ішін тілген"Адвокат Жанна Уразбахованың айтуынша, Айгүл Сайлыбаеваны күйеуімен бірге тұрған пәтерінде өлтіргеніне олар нық сенімді.
Қорғаушы тараптың пайымдауынша, қылмысты оның енесі Наталья Донцова мен ұлы Александр (Айгүлдің күйеуі) жасаған, содан кейін олар қылмыс ізін мұқият жасыруға тырысқан.
"Осторожно: Собчак" YouTube-арнасының видеосынан кадр
Оразбахова пәтердің іші толық жуылғанын, алайда криминалистер арнайы шамның көмегімен жуылған қан іздерін тапқанын түсіндірді.
"Осторожно: Собчак" YouTube-арнасының видеосынан кадр
Қан іздері жертөледен де табылған.
"Осторожно: Собчак" YouTube-арнасының видеосынан кадр
"Сараптама мәліметтеріне сүйеніп, біз пәтердің тазаланғаны, жуылғаны, қанның сүртілгені туралы қорытынды жасаймыз, бірақ қан бөлшектері шамның астында көрініп тұрды. Жертөледен де қан іздері табылды. Оқиға пәтердің ішінде болған сияқты. Кейіннен денені жасырған. Қандай да бір шуды естіген көршілердің куәліктері бар. Мүмкін, денені құлатып алған болар", – деді Уразбахова.
Адвокат Айгүл Сайлыбаеваның жеті айлық жүкті болғанын, сондықтан күдікті Наталья Донцованың оның денесін жалғыз өзі жертөлеге түсіруге шамасы келмейтінін баса айтты. Осы негізде ол Айгүлдің күйеуі Александр Донцовтың қылмысқа тікелей қатысы бар екенін мәлімдеді.
Оның сөзінше, Донцов пен оның анасы Айгүлдің басынан ұрып, бір мезгілде пышақпен тілгілеген.
Айгүлдің денесі қалай табылды?"Неліктен оны қылмысқа тікелей қатысты деп есептейміз? Өйткені сот-медициналық сараптама мен мәйітті сою нәтижесі өмірлік маңызы бар мүшелерге пышақ жарақатын салумен бірге, оның басына ауыр әрі қатты затпен соққы жасалғанын көрсетті. Адамды бір мезгілде кеуде тұсынан, ішінен пышақтап жатып, сонымен бірге ту сыртынан желке тұсынан қатты затпен ұру мүмкін емес", – деп түсіндірді адвокат.
Марқұмның ағасы Жанат Сайлыбаев қарындасының денесінің қалай табылғанын айтып берді. Мәйіт белсенді іздестіру жұмыстарының алғашқы күні өзендегі чемоданнан табылған.
"Осторожно: Собчак" YouTube-арнасының видеосынан кадр
Іс материалдарына сәйкес, чемодан табылардан бір күн бұрын түнде суға тасталған. Оған Айгүлдің денесін салған.
Айгүл Сайлыбаеваның өлімі"Ол суды бойына сіңіріп, сәл ісініп кеткен. Дене ірілеу болып көрінді. Кейін түнде бізге келіп, бұл әйел адамның денесі екенін растады. Бұл менің қарындасым болуы әбден мүмкін, өйткені айырым белгісі – мұрнындағы меңі бар. Келесі күні менен ДНК сараптамасын алды, екі күннен кейін ғана ДНК сәйкестігін растады", – деді Жанат Сайлыбаев.
2024 жылғы маусымда Германияда қазақстандық Айгүл Сайлыбаеваның жоғалып кеткені белгілі болды. Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, 5 маусымда Қазақстанның Франкфурт-на-Майн қаласындағы бас консулдығына Қазақстан азаматтары екі күн бұрын жоғалған қызы бойынша жүгінген.
Кейін жоғалған әйелдің денесі Бенсхайм қаласының маңынан табылғаны туралы ақпарат шықты. Немістің Bild басылымы мәйіттің пластик қапта болғанын, ал әйелдің өлім алдында зорлық көргенін хабарлады.
Германияның құқық қорғау органдары адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Германия Сыртқы істер министрлігінің мәліметіне сәйкес, Дармштадт қаласының сот шешімімен Сайлыбаеваның енесі Наталья Донцова күдікті деп танылған. Оған Германия бойынша және бүкіл Еуропа аумағында қамауға алу туралы ордер берілген.
Қазақстан ІІМ бұрынғы судья Айгүл Сайлыбаеваны азаптау дерегі бойынша тергеуді бастаған. Қазақстанда марқұмның күйеуі мен енесіне іздеу жарияланған.
БАҚ мәліметінше, қазір Наталья Донцова Мәскеуде тұрады. Сондай-ақ онда оның "Жоғары экономика мектебі" ұлттық зерттеу университетінде (ЖЭМ ҰЗУ) жұмыс істейтін ұлы Александр да бар.
Айгүл Сайлыбаеваның отбасы кісі өлтірді деген күдіктілердің сотқа тартылуын талап етіп отыр.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу