Басынан атқан . Қостанайда қызғаныштан ажырасып кеткен әйелін өлтірген ер адам сотталды

12.08.2026

Zakon.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 2026 жылғы наурызда бұрынғы жұбайын қызғаныш негізінде өлтіру мақсатында барған С. аңшылық карабиннен бұрынғы жұбайы С-ның басы мен кеуде тұсына көздеп екі рет оқ атқанын, алған жарақаттарының салдарынан жәбірленуші оқиға орнында көз жұмғанын, одан кейін сотталушы оқиға орнынан кетіп қалып, өз еркімен полиция органдарына барып, кінәсін мойындап арыз жазғанын анықтады.

Прокурор сотталушыға 14 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Жәбірленуші тарап соттан ең жоғары жаза тағайындауды сұрады. Сот отырысында сотталушы өз кінәсін мойындады.

"Қылмыстық жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін мән-жағдайларға сот кінәсін мойындауды және және шын жүректен өкініш білдіргенін таныды. Сот қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайларды анықтаған жоқ. Жасалған қылмыстық құқық бұзушылық аса ауыр қылмыстар санатына жатады. Сот талқылауының қорытындысы бойынша сотталушы С. сот кінәлі деп танып, оған орташа қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде жазасын өтей отырып, 12 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды", делінген сот хабарламасында.

Сот жазаның мөлшері мен мерзімін ҚК-нің 55-бабының 2-бөлігінің талаптарын ескере отырып тағайындады, өйткені жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар болмаған кезде, жазаның негізгі түрінің мерзімі немесе мөлшері ҚК-нің тиісті бабында көзделген ең жоғары мерзімнің немесе мөлшердің бестен төртінен аспайды.

Сот азаматтық талапты ішінара қанағаттандырды, жәбірленушілердің пайдасына моральдық зиянды өтеу өндірілді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Бұған дейін Павлодар облысында әйел адам сауда үйінің шатырынан секірмек болғаны хабарланған.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью