Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
АСТАНА, 5 маусым – Sputnik. Жыл басынан бері Батуми теңіз порты арқылы 31 мың тонна қазақстандық жүк ауыстырып тиелді, деп хабарлады "ҚазМұнайГаз" АҚ.
"2026 жылдың басынан бері Батуми теңіз порты (БТП) терминалы арқылы Қазақстаннан 31 мың тонна жүк тасымалданды. Тауарлар Марокко, Түркия және басқа да елдерге экспортқа жөнелтіледі", - деп жазылған хабарламада.
Компанияның мәліметінше БТП арқылы қазақстандық жүктерді ауыстырып тиеудің тұрақты динамикасы Транскаспий халықаралық көлік бағытының сұранысқа ие екенін және Қазақстан, Грузия мен халықаралық нарықтар арасындағы логистикалық ынтымақтастықтың нығайып келе жатқанын көрсетеді.
"Батуми теңіз порты" ЖШҚ – 1878 жылы негізі қаланған Қара теңіздегі ең көне порттардың бірі. Порт инфрақұрылымына 11 айлақ, мұнай және әмбебап терминалдар, BICT контейнерлік терминалы, сондай-ақ теміржол мен автокөлік кірме жолдарының дамыған желісі кіреді.
Порттың жалпы өткізу қабілеті - жылына 21 млн тонна. Флоты 12 кемеден тұрады. "КазТрансОйл" Грузиядағы өндірістік активтерге "Батуми мұнай терминалы" ЖШҚ (БМТ) арқылы тікелей иелік етіп, БТП осы терминал құрамына кіреді.