Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Фото: Ашық дереккөз
Қазір сәби балалар ауруханасында ем қабылдап жатыр. Ауруханаға түскен кезде оның салмағы 2 келі 900 грамм болса, бүгінде 3 келіден асты. Дәрігерлердің айтуынша, баланың жағдайы әлі де орташа ауыр деп бағаланғанымен, барлық талдау нәтижелері қалыпты көрсеткіштерге жеткен.
Осыдан шамамен 10 күндей бұрын жаңа туған нәресте қала шетіндегі ағаш түбінен табылған.
Баланы құрбысымен серуендеп жүрген мектеп оқушысы байқап қалған. Олар жедел жәрдемге және полицияға хабар берген. Нәрестенің анасы әлі табылған жоқ.
Астанада 19 жастағы бойжеткен жаңа туған сәбиін сатып жіберген
Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы бөлімінің басшысы Алия Шарбакованың айтуынша, сәбидің салмағы жас ерекшелігіне сәйкес қалыпты түрде өсіп келеді. Қорғаншылық органдары мен полиция өкілдерімен бірлесіп қажетті құжаттар рәсімделіп жатыр. Барлық рәсімдер аяқталғаннан кейін бала «Үміт» балалар үйі мекемесіне жіберіледі.
Еске салайық, бұған дейін Павлодар облысында жаңа туған сәбиін сатпақ болған әйелдің заңсыз әрекеті әшкереленген.