Батырға оң солы бір : Жазғы да, қысқы да Олимпиадада топ жарған спортшылар

19.02.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Екі түрлі спорт – бір мақсат

Жазғы және қысқы спорт – бір-бірінен мүлде бөлек дисциплина түрлері. Физикалық тұрғыдан барлығы дене күшін талап еткенімен, әр спорттың өзіндік ерекшелігі бар.

Жазғы спорт – қолжетімді әрі жарақат алу ықтималдығы салыстырмалы түрде төмен. Ал қысқы спорт – техникалық, қаржылық шығыны көп және экстремалды сипатымен ерекшеленеді.

Фото: Milano cortina 2026 / chatelaine.com

Жазғы және қысқы Олимпия ойындары 4 жылда бір рет өтеді, бірақ бір-бірінен 2 жыл айырмашылықпен ұйымдастырылады. Жазғы ойындарда 30-ға жуық спорт түрінен, қысқы ойындарда 15 спорт түрінен жарыс өтеді.

Олимпиаданың 4 жыл сайын өтуінің өзіндік мәні бар. Ол негізінен спортшылардың дайындық цикліне байланысты. Кәсіби спортшыларға физикалық күш жинау, техниканы жетілдіру және психологиялық дайындық үшін орта есеппен 4 жыл қажет болады. Осыған қарамастан, тарихта екі бірдей Олимпиадада өнер көрсеткен 128 спортшы бар.

Жазғы және қысқы Олимпиадада қатар топ жарған спортшылар

Эдди Эган (бокс және бобслей)

Фото: Уикипедия

Америкалық спортшы 1920 жылы Антверпенде (Бельгия) өткен жазғы Олимпиада ойындарында бокстан алтын медаль жеңіп алды.

Фото: isport.ua

Араға 12 жыл салып, Эдди Эган Лейк-Плэсидте (АҚШ) өткен қысқы Олимпиада ойындарында бобслейден сынға түсіп, чемпион атанды.

Джейкоб Туллин Тэмс (шаңғымен секіру және желкенді спорт)

Фото: Уикипедия

Норвегиялық спортшы 1924 жылы Шамониде (Франция) өткен қысқы Олимпиада ойындарында трамплиннен секіруден чемпион атанды. Айта кетерлігі, ол бұл спорт түрінен Олимпиада тарихындағы алғашқы алтын жүлдені иеленді. 

1936 жылы Берлинде (Германия) өткен жазғы Олимпиада ойындарында Джейкоб желкенді қайық спортынан күміс жүлде жеңіп алды.

Криста Людинг-Ротенбург (конькимен жүгіру және велоспорт)

1984 жылы Сараевода (Босния және Герцеговина) өткен қысқы Олимпиада ойындарында Криста конькимен 500 метрге жүгіруден алтын медаль иеленді.

Фото: Уикипедия

Төрт жылдан кейін Калгариде (Канада) өткен қысқы Олимпиадада конькимен 500 және 1000 метрге жүгіруден күміс жүлде алды.

Сол жылы Сеул қаласында өткен жазғы Олимпиада ойындарында тректегі велоспорт спринтінен күміс жүлдегер атанды.

Фото: Уикипедия

Осылайша, Криста Людинг-Ротенбург бір жылдың ішінде жазғы және қысқы Олимпиада ойындарында жүлде жеңіп алған алғашқы спортшы ретінде тарихта қалды.

Клара Хьюз (конькимен жүгіру және велоспорт)

1996 жылы Атлантада (АҚШ) өткен Олимпиадада велоспорттан Канада құрамасына қола медаль сыйлады.

Фото: chatelaine.com

2002 жылы Солт-Лейк-Ситиде (АҚШ) өткен қысқы Олимпиадада конькимен 5000 метрге жүгіруден қола жүлде иеленді.

Фото: Milano cortina 2026

2006 жылы Туринде (Италия) өткен қысқы Олимпиада ойындарында конькимен 5000 метрге жүгіруден алтын, командалық із қуу жарысында қола медаль жеңіп алды. 
Төрт жылдан кейін Ванкуверде (Канада) өткен Олимпиадада конькимен 5000 метрге жүгіруден тағы бір қола жүлде еншіледі.

Жалпы алғанда, ол жазғы және қысқы Олимпиада ойындарында алты медаль жеңіп алған.

Лорин Уильямс (жеңіл атлетика және бобслей)

Фото: eu.timesonline.com

Америкалық спортшы 2000 жылы Сиднейде өткен Олимпиадада өнер көрсетті.

2004 жылы Афинада (Грекия) өткен жазғы Олимпиадада 100 метр қашықтықта күміс, ал 2012 жылы 4×100 метрлік эстафетада қола медаль жеңіп алды.

2014 жылы Сочиде (Ресей) өткен қысқы Олимпиадада бобслейден жұптық жарыста күміс жүлдегер атанды.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью