Батырхан Төлеуғали мен Назым Махмутова Лахордағы Президент кубогында алтын медаль алды

20.08.2026

Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Пәкістанның Лахор қаласында өтіп жатқан таеквондодан G-3 санатына жататын дәстүрлі World Taekwondo Президенті кубогында Қазақстан командасының қоржынына 2 алтын медаль түсті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Назым Махмутова жартылай финалда Оңтүстік Корея өкілі Ох Сенгюді (2:0), финалда Сауд Арабиясының спортшысы Сабер Дунья Бушуайбтан басым түсіп, -73 кг салмақта алтыннан алқа тақты.

Ал отандасымыз Батырхан Төлеуғали (-87 кг) финалда Өзбекстан спортшысы Ёдгорбек Джурабоевты ұтып, жеңімпаз атанды. Батырхан бүгін жарыс барысында Оңтүстік Корея, Таиланд пен Өзбекстан өкілінен басым түсті. 

Спортты дамыту дирекциясы мәліметінше, осыған дейін Ұлттық құрама еншісінде 3 қола медаль болған. Бүгін Қазақстан жарысты 2 алтын, 3 қола жүлдемен аяқтады. Биыл додаға әлемнің 49 елінен 427 спортшы қатысты.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью