Батыс елдері кейінгі төрт жылда Украинаға 171,4 млрд доллар берген

01.03.2026

Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

АСТАНА, 1 наурыз – Sputnik. Батыс елдері мен институттары кейінгі төрт жылда Украина бюджетін 171,4 миллиард АҚШ долларына қаржыландырды. Бұл туралы деректі Украина қаржы министрлігі жариялады.

Негізгі донорлар — Еуроодақ елдері, АҚШ және Халықаралық валюта қоры.

2022 жылғы ақпаннан 2026 жылғы ақпанға дейін Еуроодақ Украинаға 88,9 миллиард доллар аударған. Оның 56,9 миллиард доллары тікелей қаржыландыру болса, шамамен 32 миллиард доллары Ресейдің бұғатталған активтерінен түсетін табыс есебінен кредит ретінде бөлінген.

АҚШ соңғы жылдары Украина бюджетіне тікелей қолдау ретінде 30,2 миллиард доллар және Ресей активтерінен түсетін табысқа негізделген несие арқылы 1 миллиард доллар бөлді.

Украинаның негізгі донорлары арасындағы үздік үштікті 13,4 миллиард доллар көлемінде қаржы бөлген Халықаралық валюта қоры түйіндеді. Үздік бестікке сондай-ақ жалпы көлемі 12 миллиард доллар көмек көрсеткен Жапония және 9 миллиард доллар бөлген Канада кірді.

Сонымен қатар Дүниежүзілік банк пен Ұлыбритания Украинаға 6 миллиард доллардан бағыттады.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью