Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық полиция бөлімінің екі қызметкері қызметтік міндетін атқару кезінде жол апатынан қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Бұл туралы өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
"Жол апаты дерегі бойынша соталды тергеу амалдары басталды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажет тергеу және жедел-іздестіру шаралары кешені жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.
Полиция департаменті мен ішкі істер органдарының жеке құрамы полиция майоры Абзал Үмбетқалиев пен полиция аға сержанты Нұрғали Әдиетовтің туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.
Қазақстан ішкі істер министрі Ержан Сәденов те қаза тапқан полиция қызметкерлерінің отбасыларына көңіл айтты.
"Қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті Тасқала аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері полиция майоры Абзал Үмбетқалиев пен полиция аға сержанты Нұрғали Әдиетовтің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтамын", - деп жазды ол Instagram-дағы парақшасында.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
ІІМ басшысы ведомство қаза тапқандардың отбасыларына жан-жақты қолдау көрсететінін атап өтті.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу