Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Фото: Видеодан алынған кадр
Ішкі істер министрлігінің мәлімдеуінше, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында БҚО полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Маңғыстау облысындағы әріптестерімен бірлесіп, күдіктінің ізіне түсіп, оның Жамбыл облысынан батыс өңірлерге есірткі жеткізу арнасын ұйымдастырғанын анықтады. Ол жүк тасымалы қызметін пайдаланған, ал есірткіні кәдімгі сәлемдеме ретінде жасырған.
Күдікті Ақтау қаласында сәлемдемені алып жатқан мезетінде қылмыс үстінде ұсталды. Тексеру кезінде табылған өсімдік тектес зат сараптама қорытындысына сәйкес, марихуана болып шықты.
«Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 33,5 келіден асты.
Тергеу мәліметінше, есірткінің бұл партиясы еліміздің батыс өңірлеріне таратылуы тиіс болған. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды», днелінген хабарламада.