Батыс Қазақстанда 25 ауыл ішімдіктен бас тартқан

01.05.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

АЛМАТЫ, 1 мамыр – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында 25 ауыл ішімдіктен бас тартқан. Бұл туралы "Мой город" порталы жазды.

Ауыл-аймақ 2023 жылдың көктемінде ащы судан бас тарта бастаған. Алғаш болып Сырым ауданына қарасты Жетікөл ауылының тұрғындары алкоголь өнімдерін сатуды тоқтатқан.

Араға екі жыл салып, 2025 жылы аймақта тағы 22 елді мекен осы тізімді толықтырды.

Қылмыстың көбі алкоголь ішуден болатыны белгілі. Сондықтан ішімдіктен бас тартқан ауылдарда қылмыс азайды ма деген сұрақ туындайды. Тәртіп сақшыларының мәліметінше, Тегісшіл, Жұмаев, Саралжын, Сарықұдық, Бестерек, Қособа, Жетікөл, Қараой, Қызылбас, Алмалы, Қалмақшабын, Қисықсай, Талдыбұлақ, Қалмақ, Ақсуат, Кеной және Тереңқұдық ауылдарында мүлде құқық бұзушылық тіркелмеген.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью