​Батыс Қазақстанда 7 км терең ұңғыма бұрғылау жоспарланып жатыр

31.07.2026

Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Сурет: "Қазмұнайгаз" ҰК" АҚ

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Бейжіңге жасаған жұмыс сапары кезінде Sinopec Group Директорлар кеңесінің төрағасы Хоу Цицзюньмен кездесіп, мұнай-газ, мұнай-химия және геологиялық барлау салаларындағы бірлескен жобалардың барысын саралады.

Қазіргі уақытта екі компания Батыс Қазақстан облысындағы «Березовский» барлау жобасын тепе-тең үлеспен жүзеге асыруда. Барлау кезеңін толықтай Қытай тарапы қаржыландырып жатыр. Жыл соңына дейін мұнда сейсмикалық барлау жұмыстары басталып, 7 мың метрлік өте терең ұңғыманы бұрғылауға дайындық жүргізіледі. Сонымен қатар Sinopec өкілдері Қазақстандағы басқа да геологиялық барлау жобаларына қатысуға ниет білдіріп отыр.

Кездесуде мұнай-химия саласындағы ірі жоба — жылына 1,25 миллион тонна полиэтилен шығаратын зауыт құрылысы да сөз болды. Бүгінде пиролиз және полимерлеу алаңдарында құрылыс қарқынды жүріп жатыр, ал ірі габаритті жабдықтардың алғашқы партиясы нысанға жеткізілді. Жобаның жалпы дайындығы 34 пайыздан асты. Sinopec-тің сауда-логистикалық инфрақұрылымы болашақта дайын өнімді Қытай мен Оңтүстік-Шығыс Азия нарықтарына шығаруға жол ашады.

Сонымен қатар тараптар «Қазақойл Ақтөбе» кәсіпорнының өндірістік көрсеткіштерін арттыру мәселесін қарастырды. Заманауи бұрғылау шешімдерін енгізу арқылы бұл кен орнындағы мұнай өндіру көлемін 2028 жылға қарай 800 мың тоннаға дейін көбейту жоспарланған. Тараптар, сондай-ақ, көмірқышқыл газын тұту мен сақтау технологиялары бойынша тәжірибе алмасу үшін бірлескен жұмыс тобын құруға келісті.

Бүгін, 11:36

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью