Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
АСТАНА, 10 наурыз – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында прокурор екі күдіктіні ұстады, деп хабарлады облыс прокуратурасының сайты.
Орал қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры Жандос Қуанышбеков "Қауіпсіз өңір" жобасы аясында қалада рейдтік шаралар кезінде, белгісіз азаматтың көмек сұрап айқайлаған дауысын естіп, дереу оқиға орнына барған.
"Оқиғаның мән-жайын анықтаған соң, ол жедел түрде екі адамды құрықтап, полиция шақырған", - деп жазылғна хабарламада.
Прокурордың шұғыл әрекеті нәтижесінде қылмыскерлер ұсталып, полицияға тапсырылды.
Жеке тінту барысында күдіктілердің бірінен есірткі заттары табылды.
Қазіргі уақытта заңсыз бас бостандығынан айыру, бопсалау және есірткі заттарын сақтау фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Күдіктілерге қатысты "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
Көрсеткен батылдығы үшін Жандос Қуанышбековты полиция департаменті ведомстволық медальмен және бағалы сыйлықпен марапаттады.