Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Республикалық автожолдардың кей учаскелеріне қозғалыс шектеуі енгізілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
2026 жылғы 1 ақпан сағат 11:00-ден бастап ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар «Казталовка – Жәнібек – РФ шекарасы» автожолының 0-158 шақырым аралығында (Казталовка – Жәнібек) барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу енгізілді.
Жолды ашу 1 ақпан сағат 18:00-де жоспарланып отыр. Ал Маңғыстау облысында жол ашық болады.
Сондай-ақ, бүгін 1 ақпан сағат 11:00-де республикалық маңызы бар «Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сай-Өтес – Шетпе – Жетібай – Ақтау» автожолының 632-718 шақырым аралығындағы учаскесі (Шетпе – Жетібай) барлық көлік үшін ашылды.