Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
БҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаевтың өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте мәлім еткеніндей, соның ішінде Орал қаласында 126, Бәйтерек ауданында 14, Бөрліде 10, Теректіде 9, Казталовта 3, Жаңақала, Қаратөбе, Сырымда екі-екіден, Шыңғырлауда 1 адам сырқаттанған.
Нұрлыбек Ермекұлының сөзіне қарағанда, науқастардың 50-і 1 жасқа толмаған. 75-і – 1-4, 16-сы 5-14 жас аралығындағылар, 28-і – 18 жас және одан жоғарылар.
Ауырғандардың 154-і немесе 91,1 пайызы екпе алмаған. Соның ішінде 41-і вакцинациядан бас тартқан. 49-ы медициналық қарсы көрсетілімдерге байланысты егілмеген. 47-сі екпе жасына толмаған. –інің вакцинация алған-алмағаны белгісіз. Сондай-ақ 113-і – ұйымдастырылмаған топқа кіретіндер, 20-сы – балабақша тәрбиеленушілері, 17-сі – мектеп оқушылары, төртеуі – ЖОО студенттері, 13-і – жұмыссыздар.
- Қызылша ауруы бастапқы кезеңде қарапайым суық тиген сияқты көрінуі мүмкін болғандықтан, дәрігерге уақтылы бару керек. Жіті респираторлық ауру белгілері бар балаларды мектепке дейінгі балалар ұйымдарына, мектептерге жіберудің қажеті жоқ, - деді Н.Мұстаев.
БҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айнаш Ғұбайдуллинаның нақтылауынша, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында қызылшамен ауырғандарға арналған 60 кереует қарастырылған. Күні бүгін 34 науқас ем алып жатса, соның 28-і – балалар, алтауы – ересек адамдар.
- Қызылшамен ауырғаннан кейін ауыр асқынулардың бірі панэнцефалит екенін атап өткім келеді. Панэнцефалит – бұл ми тіндерінің ауыр зақымдануымен сипатталатын сирек, бірақ өте қауіпті асқыну. Ол көбіне қызылшамен ауырғаннан кейін 5-10 жылдан кейін дамуы мүмкін. Бұл асқыну орталық жүйке жүйесінің зақымдалуына әкеліп, неврологиялық бұзылыстармен, ақыл-ой қабілетінің төмендеуімен және кейбір жағдайларда өліммен аяқталуы мүмкін. Биыл 11 жастағы баладан панэнцефалит ауруы анықталдв (ол 9 айлығында қызылшамен ауырған). Сондықтан вакцинация – өмірді сақтайтын жалғыз тиімді шара, - деді А.Ғұбайдуллина.
Қазіргі кезге дейін облыста 6-10 айлық аралығындағы 1 626 сәби екпе алды, қамту көрсеткіші – 49,1 пайыз.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда қызылшамен ауырғандар саны 100-ден асқанын жазған болатынбыз.