Батыс Қазақстанда референдумда дауыс беруге құқылы 450 мыңнан астам азамат бар

18.02.2026

Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

БҚО аумақтық референдум комиссиясынан мәлім еткеніндей, облыстық, 13 аудандық және Орал қалалық комиссиясына қоса 489 учаскелік референдум комиссиялары жұмыс істейді.
Соның ішінде 136 учаскелік референдум комиссиясы Орал қаласында орналасқан.

Учаскелік комиссиялар 22 ақпанда азаматтардың тізімдерін алып, жұмыстарына кіріседі. Облыс бойынша референдумда дауыс беруге құқылы 450 мыңнан астам азамат бар. Олардың тізімі 22 ақпанда нақты анықталады.

БҚО аумақтық референдум комиссиясы ҚР Орталық референдум комиссиясының 2026 жылғы 15 наурызға белгіленген республикалық референдумды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шараларға қоса беріліп отырған күнтізбелік жоспарға сәйкес жұмыстарды атқаруда. 

Бұқаралық ақпарат құралдарында және сайттарда аумақтық және учаскелік референдум комиссияларының құрамы және референдум учаскелерінің шекаралары туралы хабарлар жарияланды. Азаматтардың тұрғылықты жері бойынша құрылған учаскелер бойынша референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізімдері танысуға ұсынылатын болады. 

Сонымен қатар өңірде азаматтарды науқан туралы ақпараттандыру мақсатында Орталық референдум комиссиясының 235 ақпараттық билборды ілінді. 49 LED экран мен сити экрандарда тиісті роликтер көрсетілуде. Роликтер 3 телеарна және 2 радиоарнадан да берілуде.

Облыстық интернет сайттар мен облыстық, аудандық газеттерде референдум туралы баннерлер мен модульдер орналастырылды.

Бүгін «Азаматтардың конституциялық сайлау құқықтарын жүзеге асырудағы өзара іс-қимыл туралы» құқық қорғау органдарымен жұмыс отырысы өткізілді. 

Онда БҚО аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Әділ Жоламанов аса маңызды саяси науқанға қатысты алда тұрған міндеттерді атап көрсетті. 

Сондай-ақ БҚО прокурорының бірінші орынбасары Дәурен Омарғалиев, БҚО департаменті бастығының орынбасары Ернар Сұлтанғалиев және басқалар ой-пікірлерімен бөлісті. 

Референдумға қатысты отырыстар қалалық және аудандық комиссияларда да өткізіліп, негізгі іс-шаралар белгіленіп жатыр.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын 15 наурызда Қызылорда облысында 378 референдум учаскесі жұмыс істейтінін жазған едік

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью