Батыс Қазақстанда төрт елді мекеннің тұрғындары үшін ауызсу тарифі 4,5 есе төмендетілді

17.10.2026

Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

АЛМАТЫ, 17 қазан – Sputnik. Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданында жалпы құны 4,3 млрд теңге болатын алты сумен жабдықтау нысаны мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлады облыстық прокуратура.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде ауданның төрт елді мекеніндегі 283 абонент үшін ауызсу тарифін 4,5 есе төмендетуге мүмкіндік туды.

"Тексеру барысында 2015–2025 жылдар аралығында ауданның 25 елді мекенінде салынған су мұнаралары мен сумен жабдықтау желілері уақтылы ресімделмегені және коммуналдық меншікке алынбағаны анықталды", – деп хабарлады прокуратура.

Соның салдарынан мемлекеттік субсидиялар бөлінбеген. Нәтижесінде 886 абонент бір текше метр су үшін белгіленген 150,8 теңгенің орнына 666,7 теңге төлеп келген.

Қазіргі уақытта сумен жабдықтау жүйесінің қалған 19 нысанын мемлекеттік тіркеуден өткізу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью