Батыс Қазақстанда үш адам үсіп өлді

15.12.2025

Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

АСТАНА, 15 желтоқсан – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында үш адам үсіп қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Құтқарушылар далада қатып қалған үш адамның мәйітін тапты.

"Бұл Жәнібек ауданының 56 жастағы тұрғыны және Бөкей ордасы ауданының 25 жастағы тұрғыны. Олардың қайтыс болғаны туралы бұрын хабарлаған болатынбыз. Бүгін түске таман Казталов ауданының 35 жастағы тұрғыны өлі күйінде табылды", - деді облыстық полиция департаментінде.

Ақжайық ауданының 54 жастағы тұрғыны тірі табылды, алайда аяғы үсіп қалған. Ол Оралдағы ауруханаға жеткізілді.

Жәнібек ауданының 59 жастағы тұрғынын іздеу жалғасып жатыр. Ол 13 желтоқсан сенбіде қарлы боранда қыстаудан мал іздеуге кетіп, қайтып оралмаған.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью