Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Қаржылық мониторинг агенттігі Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті автомобиль жолдарын күрделі жөндеуге бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергеуді аяқтады. Құқық қорғау органдары жол құрылысы саласындағы қаржы бұзушылықтарын анықтау жұмыстарын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Фото: ҚМА
2023 жылғы наурызда мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша Сырым аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мен Сапак өндірістік кооперативі арасында Жымпиты ауылындағы жолдарды жөндеуге 259 млн теңге сомасына келісімшарт жасалған.
Тергеу барысында Сапак өндірістік кооперативі директоры мен Ак-Би ЖШС басшысының алдын ала сөз байласқаны анықталды. Олар сеніп тапсырылған қаражатты иемденудің жасырын схемасын ұйымдастырған.
Еліміздегі университеттердің бірінде миллиондаған қаржы жымқыру фактісі анықталды
Күдіктілер орындалған жұмыстар актілеріне жүйелі түрде жалған мәлімет енгізіп отырған. Құжаттарда асфальт төсеу, жер қазу, бетондау және су құбырларын тарту жұмыстары толық көлемде көрсетілгенімен, іс жүзінде бұл жұмыстар жасалмаған немесе мардымсыз көлемде ғана орындалған.
Жалған актілер негізінде тапсырыс беруші мекеме бюджет қаражатын мердігер ұйымның есепшотына аударып отырған. Кейін түскен қаражат схемаға қатысушылар арасында бөлінген.
Тергеу қорытындысы бойынша мемлекетке 56,5 млн теңге көлемінде материалдық залал келгені анықталды. Сот санкциясымен күдіктілердің бірінің пәтеріне тыйым салынды.
Қазіргі уақытта оларға қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған. Қылмыстық іс сот қарауына жолданды.
Бұған дейін сот үкімімен Сырым аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысы қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылған.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес тергеуге қатысты өзге ақпарат жарияланбайды.
600 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқыру: Өңір медицинасындағы былықтың беті ашылды
Соңғы жаңалықтар
Батыс Қазақстанда жол өндеуге бөлінген 56,5 млн теңге жымқырылған
Қоғам • Бүгін, 14:00
ЕО АҚШ-тың тариф саясатын қабыл алмайтынын мәлімдеді
Әлем • Бүгін, 13:48
Қазақстанда ең ірі деректер орталығы құрылады
Үкімет • Бүгін, 13:34
Мемлекет басшысы Power International Holding басшылығымен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 13:13
«Странджа кубогі»: Бүгін 7 боксшымыз шаршы алаңға шығады
Бокс • Бүгін, 13:11
1414-тен SMS келсе, сақ болыңыз: Азаматтарды алдаудың жаңа схемасы белгілі болды
Қоғам • Бүгін, 13:00
Қазақстан сыртқы саудада рекордтық тауар айналымы көрсеткішіне жетті
Қазақстан • Бүгін, 12:54
Астанадан бір түнде 53 мың текше метр қар мен мұз шығарылды
Елорда • Бүгін, 12:46
Спорт және өнер майталмандары референдумды қолдауға шақырды
Ата заң • Бүгін, 12:37
Надежда Парецкая дауы: Біздің төреші Шайдоров пен Самоделкинаның өнерін әдейі төмен бағалады ма?
Қысқы спорт • Бүгін, 12:22
11,4 млрд теңге залал: «Проблемалық кредиттер қорының» бұрынғы төрағасы ұсталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:13
Келес ауданына «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен 120 маман келді
Аймақтар • Бүгін, 12:04
Сотталғандарға смартфон ұстауға рұқсат беріле ме?
Қоғам • Бүгін, 11:55
Бүгін республика бойынша сиреналар іске қосылады
Төтенше жағдай • Бүгін, 11:44
15 тәулікке дейін: Қазақстанда дәрілерді тіркеу мерзімі қысқартылуы мүмкін
Медицина • Бүгін, 11:38