Бауырларын асырауға көмектескен: Ақтауда 10 баланың анасы әділдікке қол жеткізді

31.10.2025

Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

АЛМАТЫ, 31 қазан - Sputnik. Ақтауда 10 бала тәрбиелеп отырған көпбалалы анаға 17 жастағы қызы жұмыс істегені үшін айыппұл салынған. Мұнымен келіспеген әйел сотқа жүгініп, әділдікке қол жеткізді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 127-бабының 1-бөлігі бойынша баланы тәрбиелеу жөніндегі ата-аналық міндеттерін орындамады деген айып тағылған. Оған оның 17 жастағы қызының сатушы болып жұмыс істеуі негіз болған", - дейді сот.

Әкімшілік істі Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарады. Соттың мәліметінше, инспектор кәмелетке толмаған қызды еңбек шартының жоқтығына байланысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға қол қоюға мәжбүрлеген.

"Жеке кәсіпкер мен қыздың арасында іс жүзінде консультант ретінде жұмысқа қабылдау туралы шарт жасалған. Еңбек кодексіне сәйкес, 16 жасқа толған адамдармен еңбек шарты жасалуы мүмкін, бұл ретте кәмелетке толмағандардың жұмыс уақыты күніне екі сағаттан аспауы тиіс", - дейді сот.

Қыз кәмелетке толмаған тоғыз бауырын асырауға көмектесу үшін жұмыс істеген.

Сот шешімімен көпбалалы анаға қатысты жасалған әкімшілік хаттаманың күші жойылды.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью