Бауырлас елдердің жаңа белесі

25.07.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Олжас Бектенов өз сөзінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен Қа­зақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басқанын атап өтті. Жаңа Конституцияны жүзеге асыру ұлттық экономиканы нығайту, инвестициялық тартымдылықты арттыру, бизнес үшін барынша қолайлы жағдай жасау және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту үшін берік институционалдық негіз қалыптастырады.

«Біз бауырлас Өзбекстанмен стратегиялық әріптестік пен одақтастық қатынастарды жан-жақты дамытуға ерекше мән береміз. Өңір­лер басшылары кеңесінің құрылуы мем­лекеттеріміз арасындағы қарқынды саяси диа­логтың дәйекті жалғасы болып, өзара се­нім мен тату көршілікке негізделген ықпал­дастықты кеңейтуге жаңа мүмкіндіктер ашады. Сонымен бірге елдеріміз арасындағы сау­да-инвестициялық байланыстарды одан әрі жандандыруда өңіраралық қарым-қаты­нас­тар орасан зор рөл атқарады. Кеңес жұ­мы­сы екі мемлекет басшыларының белгілеген көрсеткіштерін 10 млрд долларға дейін ұл­ғай­ту міндетіне қол жеткізуге елеулі үлес қо­са­ты­нына сенімдімін», — деп атап өтті Олжас Бектенов. 

Жиын қорытындысы бойынша Қазақстан мен Өзбекстан өңірлері арасында бірқатар ме­морандумға, сондай-ақ жалпы сомасы 80 млрд теңгеден астам коммерциялық құжат­тар­ға қол қойылды. Жаңа уағдаластықтар бауыр­лас елдер мен шекара маңы байланыста­рын нығайтуға, бірлескен жобаларды жүзеге асы­руға және Орталық Азияның орнықты экономикалық дамуына ықпал етуге тиіс.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью