Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
— Ауа райының қолайсыздығынан аудан көлемінде электр жарығы өшіп қалған еді. Қазіргі уақытта Баянауыл ауылына жарық берілді. 140-шы торап қосылды. Жарық бір сағат ішінде қайтадан өшіріледі. Мынау Александровка стансасы қосылады. Жосалы, Лекер, Күркелі ауылдық округтерінде, Баянауыл ауылындағы екі көшеде жарық қосылды. Электр тарату компаниясы жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр, — деп хабарлады Баянауыл ауданының әкімі Ардақ Кісентаев.
Сондай-ақ аудан басшысы ақ түтек боранның салдарынан Баянауыл мен Майқайың кенті арасындағы жолда біраз автокөліктер тұрып қалғанын жеткізді. Оған облыстық және аудандық төтенше жағдайлар қызметінің күштері, Майқайың кентінің өрт сөндірушілері жұмылдырылып, эвакуациялық жұмыстарды жүргізіп жатыр.
Бұған дейін дауылдың салдарынан Баянауыл ауданы жарықсыз қалғанын жазғанбыз.