Baykar ұшқышсыз ұшу аппараттары экспортындағы әлемдік көшбасшылығын сақтап қалды

01.02.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Baykar мәлімдемесіне сәйкес, Түркияның ұлттық және бірегей ҰҰА-ларын әзірлейтін компания былтыр да өз сегментіндегі ең ірі экспорттаушы болып қала берді.

Соңғы үш жыл бойы әлемдік нарықтың көшбасшысы атанып келе жатқан Baykar 2025 жылы экспорт көлемін 2,2 миллиард долларға жеткізіп, өз рекордын жаңартты. Әлемдік деңгейде табысты авиациялық платформаларды әзірлейтін компания Түркияның жоғары технологиялы экспортындағы негізгі қозғаушы күштердің біріне айналды.

Өткен жылы Baykar-дың жалпы табысы 2,5 миллиард долларды құрады, оның 88 пайызы экспорттан түскен.

Түркия Президенті Әкімшілігінің Қорғаныс өнеркәсібі басқармасы ұйымдастырған Қорғаныс және авиация өнеркәсібіндегі жаһандық стратегиялар жөніндегі 5-конференцияда жарияланған деректерге сәйкес, Түркияның қорғаныс өнеркәсібіндегі жетекші экспорттаушылар арасында екінші орын алатын Baykar ұшқышсыз ұшу аппараттарын экспорттау саласындағы көшбасшылығын айқын басымдықпен сақтап қалды.

Әлемдегі ең ірі ұшқышсыз ұшу аппараттарын өндіруші компания саналатын Baykar 37 елмен экспорттық келісімшарттарға қол қойған. Оның ішінде 36 ел Bayraktar TB2 аппаратына, ал 16 ел Bayraktar AKINCI дронына келісім жасаған.

Еске сала кетсек, былтыр қазақстандық инженер АҚШ-тағы ең үздік 10 дрон әзірлеушінің қатарына енді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью