Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Оның айтуынша, Ұлттық банк базалық мөлшерлемен түрлі деңгейде өзінің өтімділігін қаншалықты сақтайтындығына үнемі сараптама жүргізіп отырады.
— Қазіргі деңгей ол бізде болған ең жоғары мөлшерлеме сияқты. Меніңше, ол максимумға жақын, — деді ол Ұлттық банкте өткен брифингте БАҚ өкілдерінің сауалына орай.
Тимур Сүлейменовтің айтуынша, қазіргі 18 пайыздық мөлшерлеме макроэкономикалық, микроэкономикалық, нарықтық, іргелі және алдағы жартыжылдыққа Ұлттық банк болжайтын өзге де параметрлерге сай келеді.
— Бұған қоса, әсіресе сыртқы ортадағы сын-тегеуріндерді ескерер болсақ, экономикаға тосын оқиғалар, күтпеген жайттар алып келуі мүмкін, — деді ҰБ төрағасы.
Айта кетейік, бүгін Ұлттық банктің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/- 1 п. т. дәлізімен жылдық 18% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады.