BBC Трамптан кешірім сұрады

14.11.2025

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

BBC Дональд Трамптан кешірім сұрады. Алайда өтемақы төлеуден бас тартты. ВВС кеңесінің басшысы Самир Шах Ақ үйге жеке хат жолдады. Ол корпорация атынан президенттің сөзі деректі фильм барысында монтаждалғаны үшін өкінетінін айтты. Корпорация бұдан былай деректі фильмді көрсетпейтінін мәлімдеді.

Бұған дейін АҚШ президенті британдық хабар тарату корпорациясын өз сөзінің бір бөлігін біріктірген «Панорама» деректі фильмі үшін сотқа беретінін айтқан еді. Президенттің адвокаттары 1 миллиард доллар көлемінде өтемақы талап етті.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью