Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
SOI (Students on Ice) – спорт, өнер және қатысушылардың жеке оқиғалары арқылы тең мүмкіндіктері бар, оларды қабылдай алатын және қоғамға тартылу тақырыптарын ашатын әлеуметтік маңызы бар білім беру жобасы ретіндек бастама алды. Бес ай бойы кәсіби спорттық тәжірибесі жоқ студенттер «Zero to Hero» жолынан өтіп, тәртіпті, командалық жұмыс дағдыларын және көшбасшылық қасиеттерін дамытты.
Қорытынды шоу ашық диалог алаңына айналды: хореография мен әсерлі қойылымдар арқылы қатысушылар инклюзия идеяларын, әр адамның құндылығын және әркімнің дауысы естілуінің маңыздылығын жеткізді. Жоба жауапкершілік, эмпатия, тұрақтылық және әртүрлі қоғамда өзара әрекеттесуге дайындық сияқты әлеуметтік маңызды дағдыларды дамытуға ықпал етеді.
Фото: Kazinform«Мұндай жобалардағы өмірді сақтандыру формалды қызмет шеңберінен шығып, қоғамдық маңызы бар инфрақұрылымның бір бөлігіне айналады. BCC Life тарапынан көрсетілген қолдау біздің тұрақты дамуға деген жүйелі көзқарасымызды айқындайды: мұнда өмірді сақтандыру тек тәуекелдерді басқару құралы ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік өзгерістерді қолдау тетігі болып табылады. Осы тұрғыда SOI 2026 мұз шоуы жай ғана мәдени шара емес, бизнес пен қоғамның әріптестігі арқылы жауапты әрі тұрақты орта қалыптастыратын платформаға айналды», – деп атап өтті «BCC Life» ӨСК» АҚ Басқарма төрайымы Гүлжан Джақсымбетова.
Айта кетейік, «BCC Life» ӨСК» АҚ – «Банк ЦентрКредит» АҚ еншілес ұйымы және «өмірді сақтандыру» саласында қызметін жүзеге асырады.
Сақтандыру қызметін жүзеге асыруға арналған лицензия № 2.2.19, 08.11.2024 ж., ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен берілген.