Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Іріктеуде 1-ракетка болып тіркелген Б.Жұқаев алдымен рейтингіде 466-орындағы жапониялық Масамити Имамураны 6:3, 6:2 есебімен тізе бүктірді.
Бейбіт іріктеу сайысының финалында рейтингіде 429-сатыдағы жапониялық, 35 жастағы Хироки Мориядан айласын асырды – 7:6 (9:7), 6:4. Бір сағат 40 минутқа созылған бәсекеде Жұқаев 13 эйспен бірге 3 брейк-пойнттың екеуін құр жіберген жоқ. Мория 1 эйс, 1 брейкпен (5 брейк-пойнт) шектелді. Осылайша, негізгі жарысқа жолдама алған Бейбіт Жұқаевтың келесі қарсыласы кейін анықталады.
Бүгін жаңартылған АТР рейтингісінде Б.Жұқаев 305-тен 300-ге көтерілді.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик әлемдік рейтингіде 11-орнын сақтап қалса, Александр Шевченко 74-тен 82-ге, Тимофей Скатов 195-тен 198-ге сырғыды. Михаил Кукушкин 283-тен 282-ге ауысты.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Штутгарт турнирінің екі дүркін чемпионы атанғанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ 15 жастағы қазақстандық теннисші Қытайдағы турнирде топ жарды.