Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп TruthSocial әлеуметтік желісінде мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл туралы 19 ақпанда Вашингтондағы Дональд Трамп атындағы Бейбітшілік институтында Бейбітшілік кеңесінің бірінші отырысында жарияланады.
Америка басшысы өткен жылдың қазан айында Газадағы қақтығысты түпкілікті реттеу жоспарын ұсынғанын, оны БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі бірауыздан қолдағанын еске салды. Бұдан кейін гуманитарлық көмек жедел ұйымдастырылып, барлық кепілге алынғандарды босату қамтамасыз етілген.
Ол сондай-ақ қаңтарда Давоста Бейбітшілік кеңесінің негізін қалаушылармен кездесу өткенін, онда Газаның бейбіт тұрғындарының болашағы туралы «батыл көзқарас» ұсынылғанын атап өтті.
— 2026 жылдың 19 ақпанында менімен бірге Вашингтондағы Бейбітшілік институтындағы Бейбітшілік кеңесінің мүшелері тағы бас қосады. Онда кеңеске мүше мемлекеттер Газадағы гуманитарлық күш-жігер мен қайта құру үшін 5 миллиард доллардан астам қаржы бөлуге уәде береміз, — деді Трамп.
Ол қатысушы елдер Газадағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін халықаралық тұрақтандыру күштері мен жергілікті құқық қорғау органдарына мыңдаған адам жіберетінін айтты.
— ХАМАС-тың толық және дереу демилитаризациялау жөніндегі міндеттемелерін орындауы өте маңызды, — деп жазды Трамп.
АҚШ президенті Бейбітшілік кеңесінің «тарихтағы ең ықпалды халықаралық органға» айналатынына сенім білдіріп, бұл құрылымды басқару ол үшін үлкен мәртебе екенін айтты.
Айта кетейік, Дональд Трамп төрағалық ететін Бейбітшілік кеңестің құрамында қазір 27 қатысушы бар. Бұл орган 2026 жылғы қаңтарда Давоста өткен Дүниежүзілік экономикалық форум аясында құрылған. Бірқатар батыс елі жаңа бастамаға күмәнмен қарап, жаңа формат Біріккен Ұлттар Ұйымы құрылымдарына балама болуы мүмкін деген болжам айтқан.
Қаңтар айында Трамп Тоқаев пен Қазақстанды Бейбітшілік кеңесіне шақырды. Қазақстан Президенті пәкістандық TheNewsInternational газетіне берген эксклюзивті сұхбатында Бейбітшілік кеңесін құру туралы пікірін білдірді.