Бейімбет Майлиннің ескерткішіне мініп фотосессия жасаған қыз жауапқа тартылды

27.05.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Фото: Видеодан скрин / СhatGPT

Жазушылар аллеясындағы ескерткішке шығып алған қыздың видеосы әлеуметтік желілерде тарап, қоғамда қызу талқыланды. Желідегі қолданушылар оның әрекетін тарихи тұлға мен қоғамдық орынға құрметсіздік таныту деп бағалады.

Видео жарияланғаннан кейін полицейлер бойжеткеннің жеке басын анықтады. Ол Астана қаласының 18 жастағы тұрғыны болып шықты. Қыз «Байқоңыр» аудандық полиция басқармасына жеткізілді.

Ол ұсақ бұзақылық фактісі бойынша жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ құқық қорғау органдары ескерткіштер мен мәдени мұра нысандарына қатысты мұндай әрекеттерге жол берілмейтінін ескертті. Ведомство өкілдері ескерткіштерді қасақана бүлдіру вандализм ретінде бағаланып, қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін екенін атап өтті.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Маңғыстау облысының Ыбықты сай шатқалында болған оқиға бойынша тиісті өкілетті органдар қатаң құқықтық қорытынды шығаруы керек екенін айтты. 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью