Бейнекамералар мас жүргізуші мен жол ережесін бұзғандарды анықтады

20.02.2026

Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Ақпан айының 17-нен 18-не қараған түні Қызылорда облысының полиция департаментінің Жедел басқару орталығының бейнебақылау мамандары бірқатар заңбұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бейнекамерадан бұрын сот шешімімен көлік құралын басқару құқығынан айырылған азаматтың автокөлігімен танысының үйіне келіп, көлік ішінде ішімдік ішкені белгілі болған. Кейін ол мас күйдегі танысына көлікті басқаруға берген.

Құқық бұзушылық тіркелген сәтте оқиға орнына патрульдік полиция нарядтары жіберіліп, автокөлік тоқтатылды. Жүргізуші наркологиялық орталыққа жеткізіліп, сараптама қорытындысына сәйкес оның орта дәрежедегі мас күйде болғаны анықталды.

Патрульдік полицияны жасанды интеллект алмастырды

Қазіргі уақытта көлік жүргізу құқығы жоқ бола тұра рөлге отырған азаматқа қатысты Қылмыстық кодексінің 346-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Оның мас күйдегі танысына да әкімшілік хаттама толтырылды. Екі құқық бұзушы да қамауға алынып, темір тұлпар айып тұрағына қойылды.

Қызылордада жүргізуші куәлігінен айырылған 15 азамат қайтадан жол ережесін бұзды

Сонымен қатар қала орталығындағы адамдар көп шоғырланатын орталық көшелердің бірінде жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу дерегі тіркелді. «Mercedes» автокөлігінің жүргізушісі жолдың ортасындағы тұтас қос сызықты кесіп өтіп, қарсы бағытқа бұрылыс жасап, тұрғындардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген.

Министрлік: Үш күнде 40 мыңнан астам жол ережесін бұзу дерегі тіркелді

Оған қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 596-бабының 3-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттама ресімделіп, материалдар сотқа жолданды.

Соңғы жаңалықтар

Қызылорда облысында 300 орындық көпбейінді аурухана салынып жатыр

Аймақтар • Бүгін, 13:53

Қызылша жұқтырған балалар көбейген: Дәрігерлер ата-аналарға үндеу жасады

Медицина • Бүгін, 13:33

Тәркіленген Lamborghini Huracán көлігі 5 есе арзан бағаға сатылды

Қоғам • Бүгін, 13:20

Астанада арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?

Елорда • Бүгін, 13:01

Қызылша тіркелген мектептерге вакцина алмаған балалар жіберілмейді

Қоғам • Бүгін, 12:50

Қазақстан мен Өзбекстан келісімге келді: Өңірлік құзырет орталығы қандай мәселені шешеді?

Қазақстан • Бүгін, 12:45

Атырауда 102 млн теңгенің заңсыз айналымына тосқауыл қойылды

Оқиға • Бүгін, 12:37

Биыл қанша суару каналы цифрландырылады?

Қоғам • Бүгін, 12:22

Зүлфия Сүлейменова: Жаһандық жылыну Каспий теңізінің жағдайына теріс әсер етіп жатыр

Экология • Бүгін, 12:10

Абай және Батыс Қазақстан облыстарында 20-дан астам жолаушы қар құрсауынан құтқарылды

Оқиға • Бүгін, 12:05

Алматы жастары мен IT қауымдастық конституциялық реформаны қолдайды

Реформа • Бүгін, 11:57

Сауалнама: Ата-аналардың 78%-ы баласының араласатын ортасын жақсы біледі

Мектеп • Бүгін, 11:45

Ішкі істер министрлігі ескертеді: Смартфоныңызды алаяқтар қашықтан бақылап отыруы мүмкін

Қоғам • Бүгін, 11:37

583 млн теңгеден астам залал: Түркістанда мектеп қаржысын жымқырған 14 адам сотталды

Аймақтар • Бүгін, 11:33

Семейде «Қаладан – ауылға» өңірлік форумы өтіп жатыр

Аймақтар • Бүгін, 11:20

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью