Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
АСТАНА, 22 сәуір – Sputnik. Бейнекамералардың арқасында республикалық автожолдарда жол апаты 20%-ға азайды. Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев ОКҚ алаңында айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қазіргі таңда 8 ақылы учаскеде орналасқан аркалардағы бейнекамералар орташа жылдамдықты тіркейді.
"Олар құқық бұзушылық фактілерін тиісті мемлекеттік органдарға жолдайды. 2026 жылдың соңына дейін қосымша 16 ақылы учаскеде жылдамдықты бақылайтын жүйені орнату жоспарланған", - дейді Иманашев.
Компания республикалық маңызы бар жолдардың 22 учаскесінде лазерлік визуалды бағдарлау жүйелерін орнатқан.
"Олардың қатарында Астана – Щучинск, Алматы – Қорғас, Шымкент – Тараз, Орал – Ресей Федерациясы шекарасы бағыттары және өзге де стратегиялық маңызы жоғары дәліздер бар. Лазерлік қондырғылар жүргізушінің көру аймағына айқын жарық сызықтарын проекциялап, жол бойында нақты визуалды бағдар қалыптастырады", - дейді "ҚазАвтоЖол" басшысы.
Бұл:
қозғалыс жылдамдығы мен бағытын уақытылы түзетуге;
ұзақ әрі бірсарынды учаскелерде рөлде қалғып кету қаупін азайтуға;
жүргізушінің зейінін арттыруға;
жол жағдайын қабылдауды жақсартуға мүмкіндік береді.