Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы бойынша департаменті "NBC TV" қаржы пирамидасын құру және оған жетекшілік ету дерегі бойынша тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы бойынша департаменті "NBC TV" қаржы пирамидасын құру және оған жетекшілік ету дерегі бойынша тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мән-жайы2025 жылы күдікті "www.nbcms.com" интернет-ресурсы мен WhatsApp мессенджері арқылы азаматтарды тарта отырып, онлайн инвестициялық жоба ретінде қаржы пирамидасын ұйымдастырған. Мессенджердегі чаттарда 200-ден астам адам болған ("Дискуссионная группа NBC Charlotte", "NBCUniversal Media LLC" және басқалары).
Қатысушыларға қысқа бейнероликтерді (фильм трейлерлерін) қарағаны үшін табыс табу сылтауымен қаражат салу ұсынылған.
Жобаға қатысу үшін құны 11 мыңнан 160 мың теңгеге дейінгі инвестициялық пакеттерді сатып алу арқылы ақша салу талап етілген.
"Бұл ретте тәулігіне 5-10 пайызға дейін (айына 150 пайыздан астам) табыс уәде етілген, ал мұндай төлемдер тек жаңа салымшылардың қаражаты есебінен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар тартылған адамдар салымынан 10 пайызға дейін сыйақы төленетін рефералдық жүйе, сондай-ақ екінші және үшінші деңгейдегі қатысушылар үшін қосымша бонустар қарастырылған", - деп хабарлады ведомство.
Заңды қызмет көрінісін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырушылар әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде жарнама таратып, жалған құжаттарды жариялаған, жасанды табыс көрсеткіштерін көрсетіп, блогерлерді тартқан және тақырыптық чаттарды жүргізген.
Қаражат жеке тұлғалардың шоттарына қабылданып, кейін Р2Р операциялары арқылы криптовалютаға айырбасталып, анонимді әмияндарға жіберілген.
Қылмыстық ісСот санкциясымен 1 057 599 USDT (Tether) көлеміндегі криптовалютаға тыйым салынды, бұл шамамен 528,5 миллион теңге болады.
Күдіктіге қатысты елден шықпау және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Қылмыстық іс сотқа жолданды.
Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Қаржылық мониторинг агенттігі азаматтарға қаражат салмас бұрын жоба туралы ұсынылған ақпаратты мұқият зерделеуді, компанияның ресми тіркелуін, қызметінің құқықтық мәртебесін және қажетті рұқсат құжаттарының бар-жоғын тексеруді, сондай-ақ уәде етілген табыстың шынайылығын бағалауды ұсынады.
Еске салсақ, 2025 жылғы қарашада Алматыда Warner Bros. деп аталатын қаржы пирамидасының ұйымдастырушысына үкім шыққан болатын. Криптоалаяқтықты ұйымдастырушылар қазақстандықтарды трейлер көргені үшін жоғары пайда алу желеуімен жобаларға инвестиция салуға көндірген. Сот санкциясымен 3,8 миллион USDT сомасына криптоактивтерге тыйым салынды. Сот үкімімен ұйымдастырушыға 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.